Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығы (бұдан әрі – Орталық) жыл сайын мемлекеттік тізімге енген тарих және мәдениет ескерткіштерінің жәй-күйіне мониторинг жүргізіп отырады. Осы орайда, орталық мамандары 2021 жылдың шілде және тамыз айларында мониторинг жұмысын атқарған болатын. Мониторинг жұмысы мекеме басшысының 2021 жылғы 2-шілдедегі № 35 және 5-тамыздағы № 39 бұйрықтары негізінде жүзеге асырылды.
Экспедиция жетекшісімекеменің Бас инспекторы Ф.Байдәулетов және оның құрамында тарихи-мәдени мұраны зерттеу бөлімінің археологыҒ.Базарбаевжәне осы бөлімнің тарихшысы Р.Қуанов, сонымен қатар, тарихи-мәдени мұраны қорғау бөлімінің тарихшысы Е.Орынбасаров пен осы бөлімнің инспекторы М.Әбдіғалиев болды.
Атырау облысына қарасты 7 аудан бар болса, іссапар екі кезеңге бөлініп атқарылды:
1-кезең: Исатай, Құрманғазы, Махамбет және Индер аудандары (8-30 шілдер аралығы);
2-кезең: Қызылқоға, Жылыой және Мақат аудандары (9-25 тамыз аралығы).
Атырау қаласы бойынша орналасқан нысандарға мониториг жоғарыда аталған 7 ауданға барып келгеннен кейін жүргізілді.
Соңғы рет жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне 2019 жылы жүргізілген болатын. Ал, 2020 жылы тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала есепке алу тізіміндегі нысандарға мониторинг жасалды.
Мониторинг республикалық маңызға ие 4 ескерткішкежәне жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінде 313 нысанға жүргізілді.