Орталық қызметкерлері

Басшы Достыбаев Толыбай Бисенбайұлы

1984 жылы Атырау облысы Құрманғазы ауданында дүниеге келген. 2001-2005 ж.ж. аралығында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің тарих-география пәнінің мұғалімі мамандығын бітірген.

Еңбек жолы:

2005-2006 ж. Атырау облысы Білім беру басқармасының №1 Кәсіптік мектепте кадр бөлімінің инспекторы;

2006-2019 жылдар аралығында  Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облысы Тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығында (бұрынғы Атырау облысы Мәдениет басқармасының Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекциясы) Инспектор, ғылыми қызметкер, шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, сектор меңгеруші;

2019-2022 ж. (ақпан) Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облысы Тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығы басшысының орынбасары;

2022 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының мәдениет және өнер мекемелерінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы қызметін атқарған.

2022 жылдың 17 қазанынан бастап Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының басшысы.

 

Басшының орынбасары Байдаулетов Фархад Рысқалиұлы

1982 жылы туған. 2005 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің тарих-филология факультетін бітірген.

2006-2018 жылдары Атырау облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекциясында инспектор, ғылыми қызметкер, Бас инспектор, мекеме басшысының орынбасары.

2018-2019 жылдары «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығында Бас инспектор.

2019-2020 жылдары Тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының археологиялық ескерткіштерді қорғау секторының меңгерушісі.

2020-2022 жылдары мемекенің Бас инспекторы.

2022 жылғы 1 наурызда мекеме басшысының орынбасары болып тағайындалды.

 

Бас есепші Сембаева Гүлмира Қайыршақызы

1962 жылы туған. 1982 жылы Целиноград қаржы-экономикалық техникумын бітірген.

1982-2006 жылдары Атырау облыстық мәдениет басқармасында бухгалтер-ревизор, аға бухгалтер-ревизор, орталықтандырылған есеп бөлімінің аға маманы, есепшісі.

2006-2019 жылдары Атырау облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекциясының Бас есепшісі.

2019 жылдың маусымынан мекеменің Бас есепші қызметін атқарады.

 

Бас инспектор Әбдіғалиев Мир Қобланұлы

1984 жылы туған. 2007 жылы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің тарихшы, тарих пәнінің оқытушысы мамандығын бітірген.

2010-2017 жылдары Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде этнография бөлімінің кіші ғылыми қызметкері, тарих бөлімінің ғылыми қызметкері, археология бөлімінің археологы, экспозиция бөлімінің аға ғылыми қызметкері, әкімшілік-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі.

2017-2018 жылдары Атырау облысы тарихи-мәдени мұраларды қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі мемлекеттік иснпекциясында археологиялық ескерткіштерді қорғау секторының маманы, археологиялық ескерткіштерді қорғау секторының меңгерушісі.

2018-2021 жылдары «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығында археолог, Бас инспектор.

2021 жылдың мамыр айынан бастап Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының археологы. 

2023 жылдың 4 қантарынан бастап бас инспектор қызметін атқарады.

 

Тарихи-мәдени мұраны қорғау бөлімінің меңгерушісі Макжанова Мөлдір Кенжеғалиқызы

1986 жылы туған. 2006 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің тарих-филология факультетін бітірген.

2006-2019 жылдары Атырау облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекциясында іс-жүргізуші, инспектор, ғылыми қызметкер, Бас инспектор, бөлім меңгеруші, сектор меңгеруші.

2018-2020 жылдары Х. Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің тарих мамандығының магистратурасын бітірген.

2019-2020 жылдары қала құрылысы және сәулет ескерткіштерін қорғау секторының меңгерушісі.

2020 жылдың 1 шілдесінен бастап тарихи-мәдени мұраны қорғау бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады. 

 

Тарихи-мәдени мұраны зерттеу бөлімінің меңгерушісі Ахмеденова Рабиға Оразғалиқызы

1985 жылы туған. 2006 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің тарих-филология факультетін бітірген.

2006-2008 жылдары Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесінде тарих және география пәнінің мұғалімі, Атырау менеджмент және маркетинг колледжінде оқытушы.

2008-2019 жылдары Атырау облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекциясында инспектор, ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, маман.

2019-2020 жылдары археологиялық ескерткіштерді қорғау секторының маманы.

2020 жылдың 1 шілдесінен бастап тарихи-мәдени мұраны қорғау бөлімінің инспекторы.

2023 жылдың 4 қантарынан бастап тарихи-мәдени мұраны зерттеу бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады.

 

Тарихи-мәдени мұраны қорғау бөлімінің инспекторы Қабдешова Анаргүл Ерсайынқызы

1980 жылы туған. 2002 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.

2002-2009 жылдары білім беру саласында мамандығы бойынша қызмет атқарған.

2010-2019 жылдары Атырау облыстық мемлекеттік архивінде архивист, Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекциясында маман.

2019-2020 жылдары мекеменің тарихи-мәдени мұраларды зерттеу және қалпына келтіру секторының маманы.

2020 жылдың 1 шілдесінен бастап тарихи-мәдени мұраны қорғау бөлімінің инспекторы қызметін атқарады.

 

Тарихи-мәдени мұраны зерттеу бөлімінің тарихшысы Қуанов Руслан Ерболатұлы

1986 жылы туған. 2008 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің гуманитарлық факультетін бітірген.

2006-2012 жылдары Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжінде тарих пәнінің оқытушысы, №1 кәсіптік лицейде тарих пәнінің мұғалімі.

2015-2019 жылдары Атырау облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекциясында маман.

2019-2020 жылдары қала құрылысы және сәулет ескерткіштерін қорғау секторының маманы.

2020-2022 жылдары Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің тарих мамандығының магистратурасын бітірген.

2020 жылдың 1 шілдесінен бастап тарихи-мәдени мұраны зерттеу бөлімінің тарихшысы қызметін атқаруда.

 

Тарихи-мәдени мұраны қорғау бөлімінің тарихшысы Орынбасаров Ерасыл Амандықұлы

1993 жылы туған. 2012 жылы Атырау аграрлы-техникалық колледжін бітірген.

2014-2019 жылдары Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекциясында маман.

2016-2021 жылдары Х. Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің тарих мамандығының бакалаврын бітірген.

2019-2020 жылдары мекеменің тарихи-мәдени мұраларды зерттеу және қалпына келтіру секторының маманы.

2020 жылдың 1 шілдесінен бастап тарихи-мәдени мұраны қорғау бөлімінің тарихшысы.

2023 жылдың мамыр айынан бастап тарихи-мәдени мұраны зерттеу бөлімінде археолог қызметін атқарады.

 

Тарихи-мәдени мұраны қорғау бөлімінің инспекторы Мираш Жансая Тилековна

1987 жылы туған. Білімі жоғары.

2009 жылы Х. Досмухамедов атындағы Атырау мемлеттік университетінің тарих факультетін бітірген.

Мамандығы - тарих мамандығының мұғалімі.

2007-2014 жылдары «Ағатай» ЖК баспаханасында техникалық редактор.

2014 -2019 жылдары «Атырау Этноархеология » ЖШС-інде ғылыми қызметкер қызметін атқарды.

2022 жылдың 10 мамырдан бастап тарихи-мәдени мұраны қорғау бөлімінің инспекторы қызметін атқарады.

 

 

Яндекс.Метрика