Атырау облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының 2019 жылғы 1 қарашадағы есебі бойынша облыс аумағында Ұлы Отан соғысында қаза болғандар мен қатысушыларына арнап барлығы 77 нысан тізімге алынған. Оның ішінде 34 ескерткіш Атырау облысы әкімдігінің 2010 жылдың 23 қарашасындағы №299 қаулысымен Атырау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген. Бұдан басқа облыстағы тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала есепке алу тізімінде 43 объект есепке алынған.

Жоғарыда аталған 77 ескерткіштің 2013-2018 жылдар аралығында Атырау облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекциясы есебінен 7-іне реставрация жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде Атырау қаласы бойынша: 2 обелиск; 2013 ж.

Индер ауданы бойынша: 1 обелиск; 2013 ж.

Қызылқоға ауданы бойынша: 4 обелиск; 2013-2014 ж.ж.

Исатай ауданы: 1 обелиск; 2013 ж.

Атырау қаласы әкімдігі Еркінқала ауылындағы ескерткішке 2015 жылы жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Жылыой ауданының әкімдігі 2015 жылы Құлсары қаласындағы ескерткішті қайтадан салды.

2014 жылы Исатай ауданы әкімдігі есебінен Қамысқала, Тұщықұдық селолық округтеріндегі 2 обелискіге қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

2014 жылы Құрманғазы ауданы әкімдігі есебінен Ганюшкино селолық округінде 1 обелискіге реставрация жұмыстары жүргізілсе, сол жылы Индер ауданы әкімдігінің есебінен Елтай, Есбол, Жарсуат, Көктоғай, Өрлік селолық округтерінде орналасқан 5 обелискі қайта қалпына келтірілді.

Мақат ауданы бойынша 2015 жылы Мақат ауданы әкімдігі есебінен 1 ескерткішке және Қызылқоға ауданы әкімдігі есебінен 1 ескерткішке реставрация жұмысы жүргізілді.

2015 жылы Атырау облысы Махамбет ауданының әкімдігі 8 округіне тарихи-мәдени мұра объектілерінің тізіміндегі 8 обелискіге ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалды.

2013-2015 жылдары Атырау облысы бойынша жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінде тұрған және тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала есепке алу тізімінде тұрған объектілерді қоса алғанда 77 ескерткіштің 28-іне реставрация жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде алғашқысы 21 обелискі болса, екіншісі 7 обелискіні құрады.

Сонымен қатар қала құрылысы және сәулет ескерткіштер қатарына жататын Жылыой ауданында орналасқан Дүйсеке мешітіне аудан әкімшілігі есебінен реставрация жүргізілсе, 2013 жылы Ұшқан ата қорымындағы құлпытастар Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекциясы тапсырысымен қалпына келтірілді. 2018 жылы Құрманғазы ауданы әкімшілігінің қолдауымен 1895 жылы Мұқамеджан Бекмұхамедовтің жарлығымен тұргызылған 2 кластық орыс-қазақ училищесі ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жасалды.

Реставрация жұмыстары жүргізілген ескерткіштер

 

1-фото. Ұлы Отан соғысында қаза болған жерлес-жауынгерлерге арналған обелиск.

1970 ж. Исатай ауданы, Қамысқала ауылы

 

2-фото. Ұлы Отан соғысында қаза болған жерлес-жауынгерлерге арналған обелиск.

Қызылқоға ауданы, Мұқыр ауылы

 

3-фото. Дүйсеке мешіті. Жылыой ауданы

 

4-фото. 1895 жылы М. Бекмұхамедовтің жарлығымен тұргызылған 2 кластық орыс-қазақ училищесі. Құрманғазы ауданы

 

5-фото. Ұшқан ата қорымы. Жылыой ауданы

Яндекс.Метрика