Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының мамандары 2022 жылдың мамыр айында Махамбет, Индер, Жылыой, Қызылқоға аудандарындағы жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймағын анықтау мақсатында іс сапарда болды. Жұмыс барысында жоғарыда аталған аудандар бойынша 28 ескерткіштің қорғау аймақтары анықталып, сызбалары сызылды.