Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығы 2019 жылдың 6-21 қыркүйек аралығында жаңадан тарихи-мәдени ескерткіштер анықтау мақсатында Жылыой, Қызылқоға ауданы аумақтарында этноархеологиялық барлау жұмыстарын жүргізді.
Далалық барлау жұмыстарын бастамас бұрын аймаққа қатысты бұрынғы зерттеу жұмыстарының материалдары қарастырылды, бұл жерде мемлекеттік және жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енген ескерткіштердің бар-жоқтығы анықталды.
Экспедиция Жем өзені бойы мен Ақкерегешың, Ақтолағай бор тауларынан бастау алып Қызылқоға ауданы Сағыз өзені бойына дейін жалғасты. Нәтижесінде 22 нысан анықталды. Оның ішінде орта ғасырлық 1 керуен сарай, 7 қорым (ХІХ-ХХ ғ.ғ.), 14 ерте темір дәуіріне жататын қорған есепке алынды. Объектілердің паспорты мен есеп карточкалары толтырылды. Экспедицияның ғылыми есебі жасақталып фотосуреттер мен сызбалары жалғанды. 1500 шақырымнан аса жол жүрілді. Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының тарихи-мәдени мұраны қорғау секторының меңгерушісі С.Мираштың жетекшілігімен жүргізілген экспедицияға мамандар Р.Қуанов, Ғ.Базарбаев, Е.Орынбасаров, Р.Ахмеденова қатынасты.
Жұмыс кезінде
Сағыз (2) 1 қорғаны.
Атырау облысы аумағынан жаңадан тарихи-мәдени ескерткіштер тізімі
1. Қорым 1.
2. Қорым 2.
3. Сағыз (2) 1 қорғаны.
4. Сағыз (2) 2 қорғаны.
5. Сағыз 3 қорғаны.
6. Сағыз (2) 4 қорғаны.
7. Сағыз (2) 5 қорғаны.
8. Сағыз мұртты қорғаны 6.
9. Өтетілеу қорымы.
10. Сағыз 7 қорғаны.
11. Сағыз 8 қорғаны.
12. Сағыз 9 қорғаны.
13. Қорым 3.
14. Сағыз керуен-сарайы.
15. Сағыз 10 қорғаны.
16. Сағыз 11 қорғаны.
17. Қорым 4.
18. Қорым 5.
19. Қорым 6.
20. Жаңақұдық қорымы.
21. Мәтен қожа қорғаны.
22. Саркөл қорғаны.