Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының мамандары 2022 жылдың 2-16 маусым аралығында Мақат ауданының аумағында кешенді этноархеологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді. Өйткені, Мақат ауданы аумағында бұған дейін тарихи-мәдени ескерткіштерді зерттеу бойынша тыңғылықты жұмыстар жүргізілмеген.
Мақсаты, күні-бүгінге дейін белгісіз болып келген жаңадан тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау болып табылады. Нәтижесінде, бірқатар сәулеттік маңызы бар ескі құлпытастар шоғырланған қорымдар зерттелінді. Ондағы араб әріпімен қашалған жазулар оқылып, аударылды.
Жұмыс барысында 50-ге жуық нысанға барылды. Алайда, олардың арасында қазіргі заманғы қорымдар мен жермен-жексен болғандары да бар. Сонымен қатар, кейбір құлпытастардағы жазулар жауын-шашын салдарынан жойылған.