Қараша айының 5-і мен 28-і аралығында Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығы қызметкерлері өңірімізде орналасқан қорымдардағы араб эпиграфикасымен жазылған құлпытастардың көпке беймәлім жазуларын оқу мақсатында іссапарға шықты.
Сапар барысында құлпытастардағы жазулар қазақшаға аударылып, алдағы уақытта басылып шығатын "Атырау қазақтарының эпиграфикалық ескерткіштері" атты басылымға енгізілетін болады.
