30 маусым мен 19 шілде аралығында Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығы қызметкерлерінен құралған жұмыс тобы өңіріміздегі жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне мониторинг жүргізу мақсатында Махамбет, Жылыой және Индер аудандарында іссапарда болды.
Тарих жəне мəдениет ескерткіштеріне жасалған заңсыздықтар мен вандализм секілді іс әрекеттерді қадағалау мақсатында жүргізілген мониторинг барысында жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінде тіркелген нысандардың жәй-күйі тексеріліп, тарихи объектілер әр қапталынан фотосуретке түсірілді.
Осы арқылы олар екі кезеңге бөлінген жоспарлы жұмыстардың биылғы бөлігін толығымен тәмамдады.