01.04.2025 жылы Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Әбіл Жоламанов, басқарма басшысының орынбасары Арман Әділғалиев және бөлім басшыларынан құралған топ Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының 2024 жылғы атқарған жұмыстарының есебін және мекеменің алдағы міндеттерін тыңдады.
????️Жиын барысында орталық басшысы Толыбай Достыбаев тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және зерттеу, мәдени нысандардың қорғау аймағын анықтау бағытында жүргізілген жұмыстардың мақсаты мен мәнін баяндады. Археологиялық барлау мен тарихи орындарды анықтау мақсатында жасалып жатқан жұмыстардың өңір тарихын дамытуда қосар үлесін түсіндірді.Осымен қоса басқосуда орталықтың басқа да жұмыс бағыттары мен атқарған қызметтері, алдағы жоспарлары мен өзекті мәселелері талқыланды.
????️Басқарма басшысы орталықтың тарихи-мәдени мұраларды қорғаудағы ерекше орнын атай келіп, мекемеге жүктелер жұмыстардың маңыздылығына тоқталды. Ұжымның алдағы атқарар жоспарлары мен жобаларымен танысып, еңбектеріне табыс тіледі.