«Сарайшық және Еуразияның ортағасырлық әлемі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтіп жатыр
Атырау облысында өтіп жатқан «Сарайшық және Еуразияның ортағасырлық әлемі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға Х.Досмұхамедов университетінің тарихшы ғалымдары да қатысып жатыр.
Қазақ хандығының бастауы Жошы Ұлысының 800 жылдығына орай өткізілген жиынға ҚР Ұлттық ғылым академиясының академиктері Х.Абжанов, археолог З.Самашев, Б.Кәрібаев, ресейлік ғалымдардан тарихшы П.Петров, археолог В.Плахов бастаған мамандар баяндама жасады.
Конференцияда Атырау университетінің ғалымы, тарих ғылымдарының докторы Ұ.Ахметованың “Орта ғасырлық Сарайшық: тархи деректер, археологиясы, нумизматикасы, картографиясы” атты монографиясының таныстырлымы өтіп, тұсауы кесілді.
Университет ғалымдары С.Сапанов, А.Ахмет, Ұ.Ахметова, С.Қуаныш ғылыми-тәжірибелік конференцияның екінші секциясында баяндама жасайды. Ғалымдар ортағасырлық Сарайшықтың тарихы мен археологиялық қазбадан табылған заттарды зерделеген ғылыми тұжырымдарды қазақ мемлекеттік тарихымен сабақтастыра зерттеп оқулықтар, монографиялық еңбектер жазу және оны насихаттау мәселелерін талқылайды.