Атырауға «Талас-Ұлытау-Сарайшық» тарихи-этнографиялық экспедициясы келді. Осы орайда, жергілікті тарихшы-ғалымдармен қатар Астана, Алматы, Қарағандыдан келген бір топ өлкетанушы, музей қызметкерлерінің қатысуымен жиын өтті. Экспедиция Жошы ұлысының 800 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр, дейді мамандар.