Хиуаз Доспанова ескерткішінің жұмсақ материалдағы саз жобасы таныстырылды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Монументтік өнер құрылыстарын орнату жөніндегі комиссия отырысының 2022 жылғы 12 сәуірдегі №1 хаттамасына сәйкес Құрманғазы ауданының Жаңаталап ауылындағы орталық саябақта орнатылатын Халық қаһарманы, ұшқыш Хиуаз Доспанова бюстісінің жұмыс жобасы бірауыздан мақұлданған болатын. Жоба авторы – Б.Мухамеджанов болып айқындалды.

Ағымдағы жылы Құрманғазы ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен қаржы қаралып, автормен шарт жасақталған болатын. 

Осыған орай, 8 маусымда Астана қаласында жоба авторының ұйымдастыруымен өндірістік шеберханада Хиуаз Доспанова бюстісі жобасының авторы Б.Мухамеджановтың ұйымдастыруымен қалыпқа құю үшін жұмсақ материалдағы саз жобасын таныстырып келісім алу  мақсатында Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары А.Муратов, Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы М.Дәулетбаева, журналист Т.Қалимова және мекеме басшысы Т.Достыбаев қатынасты.

Яндекс.Метрика