Жылыой аудандық маслихат сессиясының кезекті отырысында ауданға қатысты түрлі мәселелер бойынша жиын өткізілді

Бүгін Жылыой аудандық маслихат сессиясының кезекті отырысында ауданға қатысты түрлі мәселелер бойынша жиын өткізілді.

Аудан әкімінің  міндетін атқарушы Әнуар Шәкіров және аудандық маслихат сессия депутаттары, дербес бөлім басшылары қатысқан жиында Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының басшысы Толыбай Достыбаев " Жылыой ауданындағы тарихи-мәдени ескерткіштердің сақталуы және зерттелуі жайы" тақырыбында баяндама жасады.

Осы тұста өңір депутаттары Жылыой ауданындағы мәдени мұра объектілері туралы түрлі бағытта сұрақтар қойып, баяндамашы тарапынан тұшымды жауаптар алды. 

Алқалы басқосуда республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің бірі Жұбан мазарын жөндеу жөнінде Мәдениет және ақпарат министрлігіне ұсыныс беру, Иманқара үңгірі, Ақмешіт қорымы тәрізді тарихи-мәдени орындарда туризмді дамыту мәселелері талқыланып, сондай-ақ тарихи-мәдени ескерткіштерді сақтау мен насихаттау жұмыстарын жетілдіру бағытында ой-пікірлер айтылды.

Яндекс.Метрика