Тайсойған құмына кешенді этно-археологиялық зерттеу жүргізу мақсатында экспедиция жұмыстары

Өткен аптада Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығы мамандары мекеменің жылдық іс-шаралар жоспарына сәйкес Қызылқоға ауданындағы Тайсойған құмына кешенді этно-археологиялық зерттеу жүргізу мақсатында экспедиция жұмыстарын бастады.

Күні бүгінге дейін тыңғылықты зерттелмеген аймақта орталық мамандары бұрын белгісіз болған тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтап, сол өңірдегі археологиялық нысандарды аралап, XIX ғасырға тиесілі көне құлпытастардағы араб әрпімен жазылған жазбалардың қазақша мәтіндерін айқындайтын болады.

Яндекс.Метрика