Атыраудан балбал тас табылды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Атырау облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының 2022 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың маусым-шілде айларында Тасқара қорғанына археологиялық қазба жұмысы жүргізілді.

Зерттеу нысаны Атырау облысы Қызылқоға ауданының Сағыз ауылынан шығысқа қарай 18 км қашықтықта орналасқан.

Қорғанның диаметрі - 18 м., биіктігі-1м, айналасын қоршай ені - 0,4 м, тереңдігі 0,2 м болатын қоршау оры бар. Үстіңгі бөлігінде биіктігі 1 м, ені 40-30 см Балбал тас орнатылған.

Археологиялық қазба жұмыстың нәтижесінде: Атырау өңірінен алғаш рет IX-XI ғасырлардағы  Оғыз, Қыпшақ тайпаларына тиесілі Балбал тас табылды. Жергілікті ғалымдардың тұжырымы бойынша аталмыш «Тасқара» қорғаны ғұрыптық кешен, яғни ғибадатхана болуы мүмкін.

Яндекс.Метрика