Орталық мамандары 2022 ж. "Атырау өңіріндегі ескі мешіттер, медреселер және мектептер" тақырыбындағы кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Мақсаты, олардың орналасқан жерін анықтау, картаға орналастыру және жарыққа шығару.
Орталық мамандары 2022 ж. "Атырау өңіріндегі ескі мешіттер, медреселер және мектептер" тақырыбындағы кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Мақсаты, олардың орналасқан жерін анықтау, картаға орналастыру және жарыққа шығару.
Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының тапсырысымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші ортағасырлық Сарайшық қалашығына археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Қазба жұмыстарын мемлекеттік сатып алу жүйесі бойынша Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті атқарды. Нәтижесінде, тұрғын үйлердің бөлмелері ашылып, мыс, күміс және қола тиындар, орта ғасырға тән құмыралар мен керамика ыдыстарының фрагменттері, балық пен ірі малдардың сүйектері т.б. табылды. Археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген аумақтың көлемі 600 м²-ты құрайды.
Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығы 2017 жылдан бастап Атырау өңіріндегі ХІХ ғ. – ХХ ғ. бас кезіне жататын араб қаріпімен жазылған құлпытастардағы жазуларды зерттеу жұмыстарын бастады. Мақсаты - төте жазулардың мағынасын аударып, көпшілік назарына ұсыну. Өйткені, облыс аумағындағы діни-ғұрыптық ескерткіштер болып есептелетін құлпытастардағы жазулар күні-бүгінге дейін оқылмаған. Сондықтан, көпшілігі ата-бабаларының жерленген орнын нақты білмейді.