"Атырау өңіріндегі ескі мешіттер, медреселер және мектептер" тақырыбындағы кешенді ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізілді

Орталық мамандары 2022 ж. "Атырау өңіріндегі ескі мешіттер, медреселер және мектептер" тақырыбындағы кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Мақсаты, олардың орналасқан жерін анықтау, картаға орналастыру және жарыққа шығару.

Тақырып аясында мекеме мамандары Ресейдің Санкт-Петербург, Татарстанның Қазан қаласында және Алматы қаласында археографиялық ізденіс жұмыстарын жүргізді. Оның нәтижесі бойынша көптеген мешіт-медреселер мен мектептер туралы ақпараттар табылып, қорытындысы бойынша далалық зерттеу жұмыстары ұйымдастырылды. Нәтижесінде, Атырау облысына қарасты барлық аудандардың территориясында көптеген ХІХ-ХХ ғасырдың бас кезіндегі мешіт-медреселер мен мектептердің орындары анықталды.

Яндекс.Метрика