Мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары

Тарихи-мәдени мұра объектілері мен тарих және мәдениет ескерткіштерін зерттеу және сақтау жұмыстары мемлекеттік мекеме қызметiнiң мәнi болып табылады.

Тарихи-мәдени мұра объектілері мен тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, зерттеу, есепке алу, сақтау, насихаттау, әйгілеу, реставрациялау жұмыстары мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты болып табылады.

Мемлекеттік мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) археология ескерткіштеріне археологиялық қазба, барлау және сараптамалар жасау жолымен дала зерттеулерін жүргізу және ұйымдастыру;

2) тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау, зерттеу және есепке алу жөнінде жұмыстарды жүргізу;

3) тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру;

4) тарихи-мәдени мұра объектілерінің тізімін және есептік құжаттарын (паспорттар) дайындау жұмыстарын жүргізу;

5) тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарын айқындау жұмыстарын жүргізу;

6) тарих және мәдениет ескерткіштері мен тарихи-мәдени мұра объектілеріне тарихи-мәдени сараптама жүргізу;

7) тарих және мәдениет ескерткіштері мен олардың қорғау аймақтары бойынша жұмыстардың барлық түрлеріне ғылыми-жобалық құжаттаманы, жоспарлау, салу және реконструкциялау жобаларын қарауға қатысу;

8) тарих және мәдениет ескерткіштерінің меншік иелері немесе пайдаланушыларымен қорғау міндеттемелерін дайындауға қатысу;

Мемлекеттік мекеме қызмет түрлерін атқару барысында қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес тиісті лицензиялар алады.

Яндекс.Метрика