Ортағасырлық Сарайшық қалашығына археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді

Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының тапсырысымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші ортағасырлық Сарайшық қалашығына археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Қазба жұмыстарын мемлекеттік сатып алу жүйесі бойынша Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті атқарды. Нәтижесінде, тұрғын үйлердің бөлмелері ашылып, мыс, күміс және қола тиындар, орта ғасырға тән құмыралар мен керамика ыдыстарының фрагменттері, балық пен ірі малдардың сүйектері т.б. табылды. Археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген аумақтың көлемі 600 м²-ты құрайды.

Яндекс.Метрика