Қасым хан ескерткішінің жұмсақ материалдағы саз жобасы республикалық комиссия мүшелеріне таныстырылды

2023 жылдың 11 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі А.Балаеваның төрағалығымен Монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату жөніндегі комиссияда Атырау облысында орнатылуы жоспарланып отырған Қасым хан Жәнібекұлы мен Зейнолла Қабдолов ескерткіштерінің жобалары қаралған болатын.

Комиссияның шешімімен З.Қабдолов ескерткішінің үздік жобасы мақұлданған болса, Сарайшық ауылына орнатылатын  Қасым хан ескерткіші бойынша ұсынылған 2 жұмыс жобаларының ішінен "777777" сандық нұсқасы ескертулермен (ескерткіш пен тұғырдың пропорцияларын келтіру) мақұлдансын және алдағы уақытта комиссияның жұмыс тобының қарауына оның орнатылатын көлемдегі жұмсақ материалдағы саз жобасы ұсынылсын делінген болатын.

Осыған орай, 14 ақпанда Астана қаласында жоба авторының ұйымдастыруымен өндірістік шеберханада Қасым хан ескерткішінің жұмсақ материалдағы саз жобасы республикалық комиссия мүшелеріне таныстырылып, талқыланды.

Яндекс.Метрика