Ақын, 1836-1838 жж. көтеріліс басшысы Махамбет Өтемісұлының (1803-1846 жж.) ескерткіші

ҚАЗ

Ескерткіш атауы: Ақын, 1836-1838 жж. көтеріліс басшысы Махамбет Өтемісұлының (1803-1846 жж.) ескерткіші

Типологиялық  тиістілік: монументтік өнер құрылысы

Ескерткіш  кезеңділігі: 2017 ж.

Ескерткіш  орналасқан жері: Атырау облысы, Махамбет ауылы, Абай көшесі.

Тарихи деректер: Махамбет Өтемісұлы (1804 ж., Ішкі Бөкей Ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданының Нарын құмының Жасқұс деген жері. – 1846 ж. 20 қазан, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысының Индер ауданы) – қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837 ж.ж.) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы.

Байұлы ішіндегі Беріш руының Жайық бұтағынан. Махамбет өзінің барша болмыс қасиеттерімен көшпелілер арасындағы көсем тұлғалардың бірі. Ол өзі туып өскен өңірдің Қамбар батыр, Ер Тарғын, Сыпыра жырау, Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Жиембет, Доспамбет сияқты біртуар тұлғаларының өлмес мұраларын көкірегіне тоқып өсті. Өзі өмір сүрген заманның ағымына жүйрік, қыр сырын жетік меңгерген, көзі ашық, көкірегі ояу, білімдар адам болған. Орыс, татар, араб тілдерін тәуір меңгерген. Мұны ол жазған хаттардан айқын аңғаруға болады.

Махамбет өзі Жәңгір ханның қудалауымен екі жыл түрмеде отырып, 1831 ж. қашып шыққан. Саналы өмірін патша өкіметінің отарлық саясатын жүзеге асырушы хан-сұлтандарға қарсы кекті жырлар толғайды, халықты күреске шақырады.

Көтеріліс жеңіліспен аяқталғаннан кейін Жем, Жайық, Маңғыстау, Хиуа елдерін сағалайды, жасақ жинап, көтерілісті жаңадан жандандыруға күш салады. Бұл ниеті нәтижесіз болды, Бөкей ордасында қолға түсіп, Орынбор түрмесіне қамалады. Тұтқыннан босағаннан кейінгі өмірін Кіші жүздің батыс бөлігіндегі ел ішінде өткізеді. Бірақ, Жәңгір хан өлген соң аға сұлтан болған Баймағамбет Айшуақұлының жалдамалыларының қолынан қаза тапты. Махамбет - халықты патшалық, хандық өкіметке қарсы қарулы кетеріліске шақырған алғашқы қазақ ақыны. Оның бейнелі де жалынды негізінен Шалкиіз, Сыпыра, Доспамбет, Қазтуған сияқты батыр жыраулардың үлгісінде шығарылған көтеріліс туралы толғаулар. «Жәңгірге», «Баймағамбет сұлтанға» деген өлеңдерінде үстем тап өкілдерін бет-пердесін жырласа, «Мұнар күн» өлеңінде ел басындағы ауыртпалықты күйзеле, ашына айтты. Исатай — ақынның кей өлендерінің басты қаһарманы. «Тайманның ұлы Исатай», «Исатай деген ағам бар», «Исатай сөзі», «Тарланым», т.б. өлеңдерінде Исатайдың адамгершілігі, азаматтығы, батырлығы, қайсарлығы сипатталады.

Ескерткіш сипаттамасы: Қоладан құйылған ескерткіштің тұғыры темір бетонмен жасалып, гранитпен қапталған. Ескерткіштің авторы - мүсінші, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Серік Матениязов туындыда Махамбет бабаның өрлігін, батылдығын, қайсарлығын жан-жақты ашып көрсетуге ұмтылған. Ескерткіштің жалпы биіктігі - 10 метр 80 см.

Ескерткіш мәртебесі: Тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала есепке алу тізімінде

РУС

Наименование памятника: Памятник поэта, главы восстания 1836-1838 гг. Махамбета Утемисулы (1803-1846 гг.)

Типологическая принадлежность: сооружения монументального искусства

Периодизация памятника: 2017 г.

Местонахождение  памятника: Атырауская область, село Махамбет, улица Абая.

Исторические данные:  Махамбет Утемисулы (1804 г., Внутренняя Бокейская Орда,  село  Жаскус Нарынского песка Жанибекского района Западно-Казахстанской области. - 20 октября 1846 г., Караойский край, Индерский район современной Атырауской области) - один из организаторов восстания во главе с известным казахским поэтом, кюйши композитором, против колониализма Исатаем Таймановым (1836-1837), пламенный певец этого восстания.

Из Урала рода бериш из байулы. Махамбет – один из вождей кочевников со всеми своими реалиями. Он вырос на груди у таких выдающихся личностей, как Камбар батыр, Ер Таргын, Сыпыра жырау, Асанкайгы, Казтуган, Шалкииз, Жиембет, Доспамбет. В то время он был человеком, умеющим раскрыть свой край, он был открытым,  образованным и живым.  Хорошо владел  русским, татарским, арабским языками. Это можно заметить в письмах, которые он написал.

Сам Махамбет находился в двухлетней тюрьме по преследованию Жангир хана и сбежал в 1831 году. Сознательную жизнь посвятил борьбе  против  ханов-султанов,  которые реализовали  колониальную политику царской власти, и призывали  народ к борьбе.

После окончания восстания поражением, он обходит страны Жем, Урал, Мангистау, Хуа, собирает отряд и прилагает усилия для возобновления восстания. Эти намерения были безрезультатными, были задержаны в Букеевской Орде и водворены в Оренбургскую тюрьму. После освобождения из плена  он проводит  свою жизнь внутри страны в западной части Младшего жуза. Но после смерти Жангир хана погиб от рук наемников Баймагамбета Айшуакулы, ставшего старшим султаном. Махамбет-первый казахский поэт, призывавший народ к вооруженному восстанию  против царской, ханской власти. Его образные и пламенные размышления о восстании, изданные в форме казахских жырау, таких как Шалкииз, Сыпыра, Доспамбет, Казтуган. В стихах «Жангирге» , «Баймагамбет султану", в стихотворении "Мұнар күн", рассказывал о трагических переживаниях и голодовке  казахского народа. Исатай-главный герой творчества поэта. В стихах «Тайманның ұлы Исатай», «У меня  есть брат Исатай»,  «Слово Исатая»,  «Тарлан мой»  и др. описываются человечность, гражданство, героизм, самоотверженность Исатая.

Описание памятника: Постамент памятника из бронзы,  выполнен железобетоном и облицован гранитом. Автор памятника – скульптор, член Союза художников Казахстана Серик Матениязов говорит о том, что в произведении Махамбета стремился всесторонне раскрыть его героизм, мужество, самоотверженность. Общая высота памятника – 10 метров 80 см.

Статус памятника: в списке предварительного учета объектов историко-культурного наследия

ENG

Monument name: Monument to the poet, head of the uprising of 1836-1838 Makhambet Utemisuly (1803-1846)

Typological affiliation: monumental art structures

Periodization of the monument: 2017

Location of the monument: Atyrau region, Makhambet village, Abai street.

Historical data:  Makhambet Utemisuly (1804, Inner Bokey Horde, Zhaskus village of Naryn sand, Zhanibek district of West Kazakhstan region. - October 20, 1846, Karaoi territory, Inder district of modern Atyrau region) - one of the organizers of the uprising against colonialism led by the famous Kazakh poet, kyuishi composer Isatay Taimanov (1836-1837), the fiery singer of this uprising.

He is from the Ural, the Berish clan from Bayuly. Mali is born from Nadir (some data - Kulmali, Kulmaniyaz). Utemis and Shybyntai were born from the Kazakh wife Mali, and Kobylai was born from the Kalmyk wife. Utemis begat - ten sons, Shybyntai - four sons, Kobylai - three sons, so Mali had 17 grandchildren from sons. This dynasty is one of the fundamental villages in the sands of Taisoigan. Grandfather Kulmali, father Otemis were also outstanding personalities in their time, both biys and poets emerged from the Kulmaly clan.

Makhambet is one of the leaders of the nomads with all its realities. He grew up on the chest of such prominent personalities as Kambar batyr, Er Targyn, Sypyra zhyrau, Asankaygy, Kaztugan, Shalkiiz, Zhiembet, Dospambet. At that time he was a man who knew how to open his edge, he was open, educated and alive. He was fluent in Russian, Tatar, Arabic. It is visible in the letters he wrote.

1836-38 a fiery singer of the peasant uprising led by I. Taimanov, one of the organizers of the movement.

Makhambet himself was in a two-year prison for the persecution of Zhangir Khan and fled in 1831. He devoted his conscious life to the struggle against the khans-sultans, who implemented the colonial policy of the tsarist government, and also agitated people to fight.

After the end of the uprising in defeat, he bypasses the countries of Zhem, Ural, Mangistau, Khua, gathers a troop and makes efforts to resume the uprising. These intentions were unsuccessful, they were detained in the Bokey Horde and placed in the Orenburg prison. After his release from captivity, he spends his life inland in the western part of the Younger Zhuz. But after the death of Zhangir Khan, he died at the hands of the mercenaries of Baimagambet Aishuakuly, who became the senior sultan.

Makhambet is the first Kazakh poet who agitated the people for an armed uprising against the tsarist power and khan's oppression. His imaginative and fiery reflections on the uprising, published in the form of Kazakh zhyrau, such as Shalkiiz, Sypyra, Dospambet, Kaztugan.

In the poems "Zhangirge", "Baimagambet Sultan" and "Munar Kun", he tells about the tragic experiences and hunger strike of the Kazakh people. Isatay is the main character of the poet's work. In the verses "Taimannyn uly Isatay", "I have a brother Isatay", "The Word of Isatai", "My Tarlan" and others describe the humanity, nationality, heroism and selflessness of Isatai.

Description of the monument: The pedestal of the monument is made of bronze, made of reinforced concrete and faced with granite. The author of the monument - sculptor, member of the Union of Artists of Kazakhstan Serik Mateniyazov says that in the work of Makhambet he sought to comprehensively reveal his heroism, courage, selflessness. The total height of the monument is 10 meters 80 cm.

Monument status: In the register of preliminary registration of objects of historical and cultural heritage in the Atyrau region

Яндекс.Метрика