КІТАПТАР, ЖИНАҚТАР

 2006 жыл

1. Көне Гурьев келбеті: фотожинақ. / Құр. В.К.Афанасьев, Ред. М.К.Кипиев. - Атырау, 2006 ж. - 30 б.

Фотожинақта Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының фотомұрағаты мен Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекцияның мұрағатындағы құжаттар

пайдаланылды.

2012 жыл

2. Қазақ ескерткіштану мәселелерінің 1-ші және 2-ші Симпозиум материалдары: Ақтөбе, 15 қыркүйек; Атырау, 22-24 қараша. / Құр. С.И. Әжіғали. –Алматы, Атырау: Ағатай, 2012. – 226 б.

Бұл жинақ Ақтөбе (2011 ж. қыркүйегі) және 2012 жылы Атырау қаласында өткен «Қазақ ескерткіштану мәселелерінің» 1-ші және 2-ші Симпозиумдарының материалдарын (баяндамалар мен мақалалар) құрайды. Жинақ Қазақстан мәдениеті мен қоғамдық-гуманитарлық ғылым аясындағы жаңа өзекті ғылыми-практикалық бағытқа арналған. Кітапқа кірген мақалаларында отандық ескерткіштанудың жалпы проблемалары мен жәдігерлердің әр түрлі топтарын: мемориалдық салттық архитектуралық, қоныстық, араб-графикалы эпиграфикалық, т.б. зерттеу, қорғау, қайта қалпына келтіру, пайдалану сияқты мәселелері қаралады. Республикадағы қазіргі таңдағы күрделі, біржақты емес болып табылатын қорғау-қайта қалпына келтіру жұмыстарына баса назар аударылды.

Материалы 1-го и 2-го Симпозиумов по казахскому памятниковедению: Актобе, 15 сентября 2011; Атырау, 22-24 ноября 2012 г. / Сост. С.Е.Ажигали. –Алматы-Атырау: Агатай, 2012. -226 с.

Сборник материалов содержит доклады (статьи) 1-го и 2-го Симпозиумов по «казахскому памятниковедению», прошедших в г. Актобе (сентябрь 2011 г.) и в г. Атырау 2012 г. Издание посвящено новому актуальному научно-практическому направлению в сфере общественно-гуманитарной науки и культуры Казахстана. В статьях сборника рассматриваются общие проблемы отечественного памятниковедения, вопросы исследования, охраны, реставрации и использования различных групп памятников: мемориално-культовых архитектурных, поселенческих, арабографичных эпиграфических и др. Важное внимание уделено современному сложному, неоднозначному состоянию охранно-реставрационного дела в республике.

 

3. Атырау облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы: Қызылқоға, Индер аудандары. – Алматы: 2012. -210 б.

Бұл жиынтықта Атырау облысы Қызылқоға және Индер аудандарының аумағында орналасқан тарих және мәдениет ескерткіштері туралы толық жүйеленген ғылыми-анықтамалық мақалалар жазылған. Кітапта аудандарға қатысты тарихи-мәдени мұра объектілерінің сипаттамалары мен фотосуреттері және сызбалары берілген.

 

4. Атырау облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы: Исатай, Құрманғазы аудандары. – Алматы: 2012. - 204 бет.

Бұл басылымға Атырау облысы Исатай және Құрманғазы аудандарының аумағында орналасқан археология, тарих, сәулет және монументальды өнер ескерткіштері туралы мағлұматтар енгізілді. Сонымен қатар, қарастырылатын аудандар туралы толық мәліметтер, тарихи зерттелуі жөнінде ақпараттар беріледі. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің фотосуреттері мен сызбалары көрсетілген.

2013 жыл

5. Атырау облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы: Жылыой, Мақат аудандары. – Алматы: 2013. -272 бет.

Бұл басылымға Жылыой және Мақат аудандарының аумағында орналасқан археология, тарих, сәулет және монументальды өнер ескерткіштері туралы мағлұматтар енгізілді. Сонымен қатар, қарастырылатын аудандар туралы толық мәліметтер, тарихи зерттелуі жөнінде ақпараттар беріледі.

 

6. Атырау облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы: Атырау қаласы және Махамбет ауданы. – Атырау: Ағатай, 2013. -302 бет.

Бұл басылымға Атырау облысының Атырау қаласы мен Махамбет ауданының аумағында орналасқан тарих және мәдениет ескерткіштері туралы толық жүйеленген ғылыми-анықтамалық мақалалар жазылған. Кітапта қала мен ауданға қатысты тарихи-мәдени мұра объектілерінің сипаттамалары мен фотосуреттері және сызбалары берілген.

2014 жыл

7. История и культура Атырау в русских источниках (XVIII-XX вв.). Том.1 / Сост. М.К.Кипиев // Науч. ред. Ж.Шалгынбай. – Атырау: ИП «Сисенгалиев ЖМ», 2014. -400 с. +16 с. ил.

Настоящие сборник включает уникальные и редко встречаемые материалы, посвященные историческому прошлому Атырауской области – одной из крупнейших территорий страны и Западным воротам Казахстана. На протяжении многих предыдущих веков через территорию области, находящейся в очень выгодном географическом положении, прошли маршруты путешественников, миссионеров, дипломатов, ученых, многочисленнные караваны купцов и армии завоевателей. Пребывание чужестранцев не осталось бесследным. Путевые впечатления и заметки, карты, дневники путешествий, научные отчеты, историко-этнографические зарисовки и фундаментальные труды по различным отраслям заний, опубликованные на протяжении нескольких столетий составляют ныне богатейший материал источниковедческого содержания об истории региона.

В книгу включены около двадцати отдельных публикаций, охватывающих почти двухвековой период истории Атырауской области начиная с первой четверти XVIII до начала ХХ века.

Некоторые материалы сборника впервые переведены с немецкого на русской язык и вводятся в научный и читательский оборот – сочинения И.Г.Гербера, К.Ф.Гебеля. Другие же публикации, увидевшие свет еще в XVIII-ХІХ вв. Давно стали библиографической редкостью и представляют огромный интерес как для ученых, так и для широкой читательской аудитории.

2015 жыл

8. История и культура казахов западного Казахстана в российской историографии ХІХ – 20-30 гг. ХХ века. Том ІІ. / Сост. Н. Алимбай, М. К. Кипиев // Науч. ред. Н. Алимбай. – Атырау: Ағатай, 2015. -520 с.+16 с.ил.

Во второй том серии сборников помещен ряд материалов российской историографии, непосредственно касающийся истории и этнографии коренного населения западных регионов республики. Опубликованные в ХІХ – 20-е гг. ХХ в статьи русских исследователей, путешественников и чиновников местной царской администрации в настоящее время стали библиографической редкостью. В сборник включен также и раздел диссертации одного их ярких представителей национальной интеллигенции Тлеумухамбета Сейдалина (1835-1901), представленной на соискание ученой степени кандидата права. Хранящиеся ныне в архиве Российской национальной библиотеки (Санкт-Петербург) данный материал публикуется впервые. Сборник, имеющий несомненное научно-исследовательское значение, будет весьма полезен и для широкого круга лиц, интересующихся историей и этнографией казахского народа.

 

9. История и культура казахов Младшего жуза ХІХ – начало ХХ века. Том ІІІ / Сост. Р.А.Бекназаров, М.К.Кипиев // Науч.ред. Р.А.Бекназаров. – Атырау: Ағатай, 2015. -504 с. + 16 с. ил.

В 3-томе сборника включены труды знаменитных исследователей по истории и этнографии казахов Младшего жуза А.Алекторова, П.Небольсина, Я.Ханыкова, Л.Баллюзека, Р.Карутца и других, опубликованные в ХІХ – начало ХХ века в периодических изданиях, научных сборниках и в отдельных трудах. А также, опубликованы статьи местных исследователей М.Бекмухамбета и М.Бекимова.

Сборник предназначен для специалистов-историков и широкого круга читателей.

 

10. Сарайшық – бабалар мұрасы. Сарайшық қалашағының тарихы туралы дереккөздер / Құр. Ж.К.Жұмабаева, М.Қ.Кипиев // Ғыл.ред. Ж.К.Жұмабаева. – Атырау: Ағатай, 2015. -224 б.

Басылымда Алтын Орда мен Ноғай Ордасының бас қаласы, Қазақ хандығының астанасы болған Сарайшық қалашығына қатысты XIV ғасыр мен ХХ ғасырдың 80-ші жылдарына дейін жазылған деректер жинақталған.

 

Сарайчик – наследие предков. Источники по истории городища Сарайчик/ Сост. Ж.К.Жумабаева, М.К.Кипиев // Науч.ред. Ж.К.Жумабаева. – Атырау: Агатай, 2015. – 224 с.

В издании собраны источники с XIV века по 80-е годы ХХ века, касающийся городища Сарайчик столицы Казахского ханства, главного города Золотой Орды и Ногайской Орды.

2016 жыл

11. История и этнография казахов Западного региона. Том IV/ Сост: М. К. Кипиев// Науч.ред. Р. А. Бекназаров. – Атырау: Атырауский филиал Союз Писателей Казахстана, 2016. – 400 с. + 16 с. ил.

В IV том серии сборников «История и этнография казахов Западного региона» включены материалы русских исследователей, в настоящее время являющихся библиографической редкостью. Впервые публикуются архивные материалы о разделении по Гурьевскому уезду.

Сборник презназначен для специалистов-историков, этнографов и широкого круга читателей, интересующихся историей и этнографии казахского народа.

 

12. История и культура Атырау. Том V. / Сост.: М. К. Кипиев // Науч.ред. Р. А. Бекназаров. – Атырау: Атырауский филиал Союз Писателей Казахстана, 2016. – 400 с. + 16 с. ил.

В V том серии сборников «История и культура Атырау» включены материалы по истории г.Атырау (ХVІІ-ХІХ вв.), развития рыболовства и нефтяного промысла Прикаспийского региона, а также приводятся этнографические, статистические, топографические данные по казахам Атырауского региона ХVІІІ – начала ХХ вв.

Сборник предназначен для специалистов-историков и широкого круга читателей.

 

13. Атырау даласының тарихи-мәдени мұрасы: кітап-альбом / Құраст. М. К. Кипиев. – Атырау: Қазақтан Жазушылар Одағының Атырау филиалы ҚБ. 2016. -160 б.

Кітап-альбом Атырау көшпелілерінің тарихи-мәдени мұрасы – діни мемориалдық сәулет ескерткіштеріне арналған. Басылымда өңірдегі мешіттер, күмбезді мазарлар, тамдар, «төртқұлақты» қоршаулар, сағанатамдар мен өзге де қабір үсті ескерткіштері (құлпытастар, қойтастар, сандықтастар және т.б.) жөнінде қысқаша ақпараттық және иллюстрациялық мәліметтер берілген.

2017 жыл

14. Атырау қазақтарының эпиграфикалық ескерткіштері: Ақмешіт, Алтын, Дәрі, Ұшқан ата қорымдары. Том 1. –Атырау: Ағатай, 2017. -152 б.

«Атырау қазақтарының эпиграфикалық ескерткіштері» сериясындағы кітап-альбом Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Атырау облысында тұңғыш рет шығарылып отыр. Басылымның алғашқы томына Ақмешіт, Алтын, Дәрі, Ұшқан ата қорымдарындағы араб графикалық жазуларының аударма мәтіндері берілген.

2018 жыл

15. Атырау облысында тарих және мәдениет ескерткіштері болып табылатын киелі жерлер. – Атырау: Ағатай, 2018 ж. -96 бет.

Басылымда Атырау облысындағы республикалық және жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген ескерткіштермен қатар, тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала есепке алу тізіміне киелі саналатын нысандар берілген. Кітап Атырау өңірінің тарихи-мәдени ескерткіштері мен киелі жерлеріне қызығушылық танытқан көпшілік оқырмандарға арналған.

 

16. Атырау қазақтарының эпиграфикалық ескерткіштері: Атан, Жаналы, Кетебай, Көпмола, Қабдуәлі, Қарабала-Қантемір, Қосай, Мыңбай, Сағатай, Сұлтанәлі, Тайлан, Шелекмола, Шошақмола қорымдары. Т.ІІ. – Атырау: Ағатай ЖК, 2018. – 153 б.

«Атырау қазақтарының эпиграфикалық ескерткіштері» сериясындағы кітап-альбомның екінші томы Қазақстан Республикасынынң Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында шығарылды. Басылымның 2-томына Атан, Жаналы, Кетебай, Көпмола, Қабдуәлі, Қарабала-Қантемір, Қосай, Мыңбай, Сағатай, Сұлтанәлі, Тайлан, Шелекмола, Шошақмола қорымдарындағы араб графикалық жазуларының аударма мәтіндері берілген.

 

2019 жыл

17. Атырау қазақтарының эпиграфикалық ескерткіштері: Ноғай және Тайсойған қорымдары. Т.ІІІ. – Алматы: DalaPrint, 2019. – 152 б.

«Атырау қазақтарының эпиграфикалық ескерткіштері» сериясындағы кітап-альбомның үшінші томы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында шығарылды. Басылымның үшінші томына Тайсойған және Ноғай қорымдарындағы араб графикалық жазуларының аударма мәтіндері берілген.

Кітап тарихшы, дінтанушы, шығыстанушы, мәдениеттанушы мамандарға және өлке тарихына қызығушылық танытқан барша оқырмандарға арналған.

 

2020 жыл

18. Ерлікке тағзым – Поклон героизму / құраст.: М.Қ.Кипиев, Ф.Р.Байдаулетов. – Алматы: Фарт Групп, 2020. -254 б.

Қалың оқырманға жол тартқан «Ерлікке тағзым» кітап-альбомы Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналады. Кітаптың жарыққа шығу мақсаты ерлікпен қаза тауып, отан үшін өз өмірлерін қиған атыраулықтардың есімін болашақ ұрпақтың жадында сақтау болып табылады.

Аталмыш кітапта 1966 жылдан бастап осы күнге дейін облыс аумағында бой көтерген 80 монумент пен ескерткіштің фотосуреттері жинақталған. Кітап-альбомға тек ескерткіштердің суреттері ғана емес, сонымен қатар монумент тақталарында жазылған жауынгерлердің есімдері енді. Бұл – осы кітап-альбомның басты ерекшелігі.

Жинақ құрастырушылары бұл кітап жерлес жауынгерлеріміздің ерлігін тағы бір еске түсіріп, өскелең ұрпақты патриоттық тұрғыда тәрбиелеуде өз септігін тигізер деп үміттенеді.

Кітап көпшілік оқырманға арналған.

 

19. XVIII-XX ғасырлардағы Атырау өңіріндегі елді мекендер (Населенные пункты Атырауского региона XVIII-XX веков) М.Кипиев.-Атырау: ЖК «Нұрғалиев Е.Н.», 2020. – 220 б.

Басылымда XVIII-XX ғасырларда Атырау өңірінде пайда болған елді мекендердің тарихы жазылған. Кітап-альбомда 1700-1917 жылдар аралығында пайда болған 40 елді мекендер туралы ақпараттар архивтік, фото және иллюстрациялық материалдармен берілген. Елді мекендер хронологиялық кезең мен географиялық орналасуына қарай үш тақырыпқа бөлінген. Әрбір елді мекенді сипаттауда, пайда болған уақыты мен атауы, халық саны, шаруашылық-экономикалық жағдайына қатысты мәліметтер жинақталған деректер аясында жазылған. Кітап-альбом Атырау өлкесінің тарихына қызығушылық танытқан көпшілік оқырманға арналған.

 

2022 жыл

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ / кітап-альбом — Атырау: «Ағатай» баспасы, 2022. — 152 б.
 
Басылым Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының құрылғанына 30 жыл толуына орай дайындалған. Кітап-альбомда мекеменің құрылған күнінен бастап бүгінге дейінгі тарихы, атқарған қызметі туралы ақпараттар мен фото-суреттер көрініс тапқан.
Басылым көпшілік оқырмандарға арналған.

 

 

Яндекс.Метрика