Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зертеу орталығыны тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген нысандардың сақталу жағдайына жыл сайын мониторинг жұмыстарын жүргізіп отырады. Мақсаты тарихи-мәдени мұра объектілеріне қатысты заң бұзушылық пен ескерткіштердің сақталуына әсер ететін факторларды дер кезінде анықтап, оған қатысты тиісті іс-шараларды қолдану. Мониторинг барысында мекеме мамандары арнайы далалық экспедицияға шығып, барлық аудандар аумағындағы ескерткіштердің техникалық жәй-күйі мен қорғалу деңгейін анықтайды.
Аталмыш шараны кешенді түрде жүргізу 2014 жылдан бері жыл сайын жүйелі түрде атқарылып келеді. Мониторинг тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген 317 объектіге жүргізілуде. Оның 4-уі республикалық, 313-і жергілікті маңызы бар ескерткіштер болып табылады. Сонымен қатар, мемлекеттік тізімге енбеген, алдын-ала есепке алу тізіміндегі 846 тарихи-мәдени мұра объектілері бар. Бұл тізімдегі нысандарға мониторинг 2015 жылы жүргізілген болса, кезекті мониторинг 2020 жылы атқару жоспарлануда.
Соңғы рет алпыс күнге созылған 2019 жылы жүргізілген мониторинг екі кезеңмен, яғни, 3 шілде – 1 тамыз аралығында Құрманғазы, Исатай, Махамбет және Мақат аудандары, 5 тамыз – 3 қыркүйек аралығында Жылыой, Индер және Қызылқоға аудандары бойынша атқарылды.
Мемлекеттік тізімге неген 317 ескерткішті түрге бөлгенде: 85 сәулет және қала құрылысы, 173 археологиялық ескерткіштер, 59 ансамбль. Бұл әрине ескерткіштердің жалпы саны ғана. Ал олардың құрамындағы объектілерді санайтын болсақ жоғарыда көрсетілген сандар өседі. Мысалы, Қайнар қорымында 585, Алтын қорымында 56, Алып-ана қорымында 54 объект және т.с.с.
Мұндай шара алдағы уақытта да жалғасын табады. Себебі тарих және мәдениет ескерткіштерінің сақталу деңгейін қадағалау мекеменің басты міндеттерінің бірі болып табылады.