Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығы 2020 жылдың маусым және шілде айларында тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала есепке алу тізіміндегі нысандарға мониторинг жүргізді.
Соңғы рет алдын-ала есепке алу тізіміндегі нысандарға мониторинг 2015 жылы жүргізілгенін ескерсек, бес жыл өткеннен кейін ғана осы тізімдегі объектілерге кезекті мониторинг жасалды. 2015 жылғы есеп бойынша алдын-ала есепке алу тізімінде 371 объект болған болса, бүгінгі таңда оның саны – 926-ға жетті. Өйткені, 2015 жылдан бері жаңадан тарихи тұлғаларға арналған ескерткіштер бой көтерді, мекеме мамандарының және мекеменің тапсырысы негізінде көптеген тарихи-мәдени мұра объектілері анықталған болатын.
Сонымен, 2020 жылғы мониторинг жүргізілген нысандардың саны – 468. Олардың қатарында монументтік өнер құрылыстары – 87, қала құрылысы және сәулет –136, ансамбльдер мен кешендер –161, киелі объектілер – 14, археология – 70.
468 нысанды аудандар бойынша бөлгенде:
монументтік өнер құрылыстары |
қала құрылысы және сәулет |
ансамбльдер мен кешендер |
киелі объектілер |
археология |
||
1 |
Атырау қ. (77) |
18 |
35 |
24 |
- |
- |
2 |
Жылыой (43) |
6 |
14 |
5 |
5 |
13 |
3 |
Индер (57) |
9 |
13 |
29 |
2 |
4 |
4 |
Исатай (23) |
7 |
4 |
2 |
- |
10 |
5 |
Құрманғазы (48) |
23 |
4 |
5 |
- |
16 |
6 |
Қызылқоға (117) |
6 |
32 |
49 |
5 |
25 |
7 |
Мақат (17) |
7 |
2 |
5 |
1 |
2 |
8 |
Махамбет (86) |
11 |
32 |
42 |
1 |
- |
Қырық күнге созылған экспедиция жеті аудан мен Атырау қаласының аумағын қамтыды. Мониторинг нәтижесінде алдын-ала есепке алу тізіміне енген нысандардың басым бөлігінің жәй-күйі нашар екені белгілі болды. Олардың қатарында түгелге жуық жойылғандары да бар.
Мониторинг қорытындысы бойынша тарихи-мәдени мұра объектілерінің жағдайын үш түрге бөліп қарауға болады. Яғни, жақсы, қанағаттанарлық және нашар.
Объектілердің жәй-күйіне қысқаша тоқталатын болсақ, 12,2 %-ң жағдайы жақсы. Олардың негізгі бөлігін кейінгі уақытта бой көтерген тарихи-тұлғалардың ескерткіштері мен оларға арнап салынған мазарлар және жөндеу жұмыстары жүргізілген обелискілер құрайды. Нысандардың 68,9%-на қанағаттанарлық деген баға берілді. Бұл пайыздың ішіне барлық дерлік қорымдар енеді. Өйткені, қорымдардағы құлпытастардың тең жартысы уақыт сынына шыдамай сынып, құлаған. Сонымен бірге, ерте темір дәуірлік тұрақтар, жөндеу көрмеген обелискілер, Атырау қаласының ескі бөлігінде орналасқан ғимараттар да осының қатарына қосылды.
Сонымен қатар, ескерткіштердің 18,8%-ы жәй-күйі нашар болып шықты. Олардың қатарында, жағдайы нашар ескі қала аумағындағы ғимараттар, объектілері түгел жойылған немесе 90 пайызы бүлінген кішігірім қорымдар, кейбір мүлдем жойылған археологиялық ескерткіштер және өзге де елді-мекен орталықтарында орналасқан жәй-күйі нашар ескерткіштер жатады.