ЦЕНТР ИССЛЕДОВАНИЯ ИСТОРИКО-КУЛЬТУРНОГО НАСЛЕДИЯ АТЫРАУСКОЙ ОБЛАСТИ

Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтарының және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарын анықтау жұмысы

Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығы мамандары 2020 жылдың қазан-қараша айларында жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтарын анықтау жұмыстарын жүргізді. Барлығы 30 күнді құраған іссапар барысында Атырау облысының 7 ауданы аумағындағы 38 ескерткіштің қорғау аймағын анықталды.

Оның ішінде:

Ансамбльдер мен кешендердің саны – 12;

қала құрылысы және сәулет ескерткіштері – 5;

археология ескерткіштері – 8;

киелі объектілер – 7;

монументтік өнер құрылыстары – 6.

 

Олардың санын аудандарға бөлсек:

Жылыой ауданында – 10;

Индерде – 5;

Исатайда – 6;

Құрманғазыда – 5;

Қызылқоғада – 7;

Мақатта – 2;

Махамбетте – 3.

 

Тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтарын анықтау жұмысы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 86 бұйрығымен бекітілген «Тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау аймағын, құрылыс салуды реттеу аймағын және қорғалатын табиғи ландшафт аймағын және оларды пайдалану режимін айқындау қағидаларын бекіту туралы» ережесіне сәйкес орындалды.

Шара барысында тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтарын тиісті жердің тарихи-сәулет тірек жоспары мен карта-схемасында белгілеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар, ескерткіштердің қорғау аймақтары өлшенді, JPS нүктелері белгіленді, фото және аэрофото түсірілімдері жасалды. 

Қорғау аймақтарын анықтау жұмыстары жүргізілген тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізімі

Ескерткіштің атауы

Ескерткіштің түрі

Ескерткіштің орналасқан жері

ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ

1.

Қара шүңгіл қорымы

ХVІІІ ғ. - ХХ ғ. басы

ансамбльдер мен кешендер

Аққұдық ауылынан солтүстік- солтүстік-шығысқа қарай 13 км, Құлсары қаласынан оңтүстікке қарай 53 км

2.

Ақмешіт қорымы

XVІІІ ғ. - ХХ ғ. басы

ансамбльдер мен кешендер

Ақкиіз тоғай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 28 км, Құлсары қаласынан шығысқа қарай 70 км

3.

Дүйсеке мешіті

ХІХ ғ. аяғы - ХХ ғ. басы

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Құлсары қаласынан солтүстікке қарай 10 км

4.

Ұшқан ата қорымы

ХІХ-ХХ ғғ.

ансамбльдер мен кешендер

Құлсары қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 50 км

5.

Иманқара қорғандары

ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Ақкиіз тоғай ауылынан солтүстік – солтүстік-шығысқа қарай 35 км

6.

Иманқара үңгірі

ерте темір дәуірі

археология ескерткіші

Ақкиіз тоғай ауылынан солтүстік-солтүстік-шығысқа қарай 34,4 км

7.

Қорғандар

орта ғасыр

археология ескерткіші

Ақкиіз тоғай ауылынан солтүстік-шығыс қақарай 16,9 км

8.

Аралтөбе қорғаны

б.д.д. ІІ-І ғғ.

киелі объект

Құлсары қаласынан шығысқа қарай 70 км

9.

Қызыл қорған қалашығы

ХV-ХVІІІ ғғ.

археология ескерткіші

Құлсары қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 31 км

10.

Қызылқалабекінісі

ХІХ ғ.

археология ескерткіші

Тұрғызбаауылынанбатысқақарай 7 км

ИНДЕР АУДАНЫ

11.

Шелек мола қорымы, XIX ғ.
(сағанатам, құлпытастар)

ансамбльдер мен кешендер

Жарсуат ауылынан солтүстікке қарай 41 км, Индер-Қарабау тасжолының 20 км-нен солтүстікке қарай 0,5 км

12.

Ақшадыра қорымы, XIX ғ.
(мазар, құлпытас)

ансамбльдер мен кешендер

Жарсуат ауылынан солтүстікке қарай 39 км, Индер-Қарабау тасжолының 20 км-нен оңтүстік-батысқа қарай 0,5 км

13.

Дәрі қорымы, XIX ғ. -ХХ ғ. басы
(құлпытастар, қоршаулар)

ансамбльдер мен кешендер

Жарсуат ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 44 км, Қарабау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 58 км

14.

Ақын Мұрат Мөңкеұлының (1843-1906 жж.) жерленген жері, 1906 жыл (1993 жылы мазар салынған)

киелі объектілер

Жарсуат ауылынан солтүстік-батысқа қарай 3 км

15.

Малайсарыби Тілеукеұлының (1720-1805 жж.) жерленген жері, 1805 жыл, сәулетшісі М.Нұрқабаев
(2001 жылы мазар салынған)

киелі объект

Индербор кентінен шығысқа қарай 40 км

ИСАТАЙ АУДАНЫ

16.

"Таскран" шекаралық белгісі, XІХ ғ.

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Аққыстау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 1 км

17.

1836-1838 жж. ұлт-азаттық көтерілістің басшысы Исатай Тайманұлының (1791-1838 жж.) бюсті, 2005 жыл, мүсіншісі Б.Әбішев

монументтік өнер құрылысы

Аққыстау ауылы, Мұнайшы көшесі

18.

Ұлы Отан соғысында қаза болған жерлес-жауынгерлерге арналған обелиск, 1985 жыл

монументтік өнер құрылысы

Жанбай ауылы, З.Құрасұлы көшесі

19.

Ұлы Отан соғысында қаза болған жерлес-жауынгерлерге арналған обелиск, 1970 жыл

монументтік өнер құрылысы

Х.Ерғалиев ауылы, Бақсай көшесі

20.

Ұлы Отан соғысында қаза болған жерлес-жауынгерлерге арналған обелиск, 1985 жыл

монументтік өнер құрылысы

Тұщықұдық ауылы, Х.Дайырова көшесі

21.

Бесіктіқорғаны, ертетемірдәуірі

археология ескерткіші

Қызыл үй ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 13 км

ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНЫ

22.

Мақаш қорымы. Мазар, 1909 жыл

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Афанасьев ауылынан шығысқа қарай 5 км

23.

Мақаш қорымы. Мұхамеджан Бекмұхамбетов мазары, 2000 жыл, сәулетшісі М.Нұрқабаев

киелі объект

Афанасьев ауылынан шығысқа қарай 5 км

24.

Ұлы Отан соғысында қаза болған жерлес-жауынгерлерге арналған обелиск, 1975 жыл

монументтік өнер құрылысы

Бірлік ауылы, М.Бекбаев көшесі

25.

Шіркеу ғимараты, ХІХ ғ. соңы

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Жыланды ауылынан батысқа қарай 10 км, №3-разъезден оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 км

26.

Ұлы Отан соғысында қаза болған жерлес-жауынгерлерге арналған обелиск, 1966 жыл

монументтік өнер құрылысы

Құрманғазы ауылы, Манаев көшесі

ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНЫ

27.

Тұрлан мола қорымы, ХІХ ғ. (мазар, құлпытастар)

ансамбльдер мен кешендер

Қарабау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 30 км

28.

Бөкенбидің (1771-1857 жж.) жерленген жері, 1857 жыл
(1995 жылы мазар салынған)

киелі объект

Қарабау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 9 км

29.

Дүйсәлі қорымы, XIX ғ. - ХХ ғ. басы
(мазар, құлпытастар, қоршау)

ансамбльдер мен кешендер

Қарабау ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 29 км, Сарыкөл қыстағынан оңтүстік-шығысқа қарай 2 км

30.

Тілеген мола қорымы, XIX ғ. - ХХ ғ. басы
(мазар, құлпытастар, қоршаулар)

ансамбльдер мен кешендер

Қарабау ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 33 км, Сарыкөл қыстағынан оңтүстік-шығысқа қарай 6,8 км

31.

Әбжет мазары, ХХ ғ. басы

қала құрылысы және сәулет ескерткіші

Кенбай ауылынан солтүстік – солтүстік-шығысқа қарай 4 км

32.

Алып ана қорымы, ХІХ ғ.
(құлпытастар, сағанатамдар, мазарлар, қоршау, қойтастар)

ансамбльдер мен кешендер

Сағыз ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 8 км

33.

Қорғанша қалашығы, XV–XVIII ғ.ғ.

археология ескерткіші

Қаракөл ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 12 км

МАҚАТ АУДАНЫ

34.

Байбақты ата (1823-1914 жж.) мазары, 1914 жыл
(1997 жылы мазар салынған)

киелі объект

Доссор кентінен солтүстікке қарай 10 км

35.

"Таскешу" керуен-сарайы, ХІІІ-ХVІІІ ғғ.

археология ескерткіші

Мақат кентінен шығысқа қарай 38 км, Сағыз өзенінің сол жақ жағалауы

МАХАМБЕТ АУДАНЫ

36.

Алтын қорымы, XІХ-ХХ ғғ.
(құлпытастар, сағанатамдар, мазарлар)

ансамбльдер мен кешендер

Ортақшыл ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 4 км

37.

Жаналықорымы, XVІІІ ғ. аяғы - XIX ғ.
(құлпытасты қоршаулар, құлпытас)

ансамбльдер мен кешендер

Ортақшыл ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 15 км

38.

Ақын Бала Ораз Өтебай ұлының жерленген жері (1837-1882 жж.), 1882 жыл

киелі объект

Таңдай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 30 км

Барлығы 38 ескерткіш

         

 

 

Яндекс.Метрика