Ұлы Отан соғысынан оралмаған жауынгерлерге арналған обелиск

ҚАЗ

Ескерткіштің атауы: Ұлы Отан соғысынан оралмаған жауынгерлерге арналған обелиск

Типологиялық тиістілік: монументтік өнер құрылысы

Ескерткіштің кезеңділігі: 1975ж.

Ескерткіштің орналасқан жері: Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қоныстану ауылы, Жағалбаев көшесі.

Тарихи деректер: Тарихта 1941-1945 жылдарды қамтыған Ұлы Отан соғысының алатын орны ерекше. Бұл зұлмат соғыс жылдарында қаһармандық ерлігімен танылған жерлестеріміз аз болған жоқ. Олардың көпшілігі ерлікпен қаза тапса, тірі қалғандары жарақат алып, соғыстың ащы зардабын тартты. Обелиск Ұлы Отан соғысында құрбан болған жерлес жауынгерлерге арналған. Ескерткіш Жеңістің 30 жылдығы қарсаңында салынған. 

Ескерткіштің сипаттамасы: Обелиск стелла түрінде тұрғызылған. Қапталдарындағы тақтада Ұлы Отан соғысынан оралмаған жерлес майдангерлердің есімдері жазылған. 2013 жылы обелискіге қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген. Бетоннан құйылып жасалған обелискінің сырты ақ мәрмәрмен қапталған. Айналасына табиғи қызыл түсті гранит плиталар төселген. Биіктігі – 3,5 м. Ескерткіш темір қоршаумен қоршалған. 

Ескерткіштің мәртебесі: Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші

РУС

Наименование памятника: Обелиск, посвященный воинам, не вернувшимся с Великой Отечественной войны.

Типологическая принадлежность: сооружение монументального искусства

Периодизация памятника: 1975 г.

Местонахождение памятника: Атырауская область, Кзылкогинский район, поселок Коныстану, улица Жагалбаева.

Исторические данные: Особое место в истории занимает Великая Отечественная война, охватывающая 1941-1945 годы. Не так уж и мало казахстанцев, отважных земляков, проявивших героизм в годы Великой Отечественной войны. Многие из них мужественно погибли, остальные были ранены или испытали серьезные трудности, получили горькие последствия войны. Памятник был построен в честь 30-летия Победы.   

Описание памятника:  Обелиск построен в виде стеллы. На боковых панелях написаны имена однополчан, не вернувшихся с Великой Отечественной войны. В 2013 году обелиск отреставрировали. Снаружи бетонный обелиск облицован белым мрамором. Он окружен плитами из натурального красного гранита. Высота – 3,5 м. Памятник окружен железной оградой.

Статус памятника: Памятник историко-культурного наследия местного значения

ENG

Monument name: Obelisk to the heros who did not return from the Great Patriotic War

Typological affiliation: monumental art structures 

Periodization of the monument: 1975 

Location of the monument: Atyrau region, Kyzylkoginsky district, Konystanu village, Zhagalbaev street.

Historical data: The monument was erected in honor of the 30th anniversary of the Victory.

Description of the monument: The obelisk is built in the form of a stele. The side panels bear the names of fellow soldiers who did not return from the Great Patriotic War. In 2013, the obelisk was restored. Outside of the concrete obelisk is faced with white marble. It is surrounded by natural red granite slabs. The monument is surrounded by an iron fence.

Monument status: Monument of historical and cultural heritage of local significance

Яндекс.Метрика