Ескерткіштің атауы: Халық қаһарманы, ұшқыш Хиуаз Доспанованың (1922-2008 жж.) бюсті
Типологиялық тиістілік: монументтік өнер құрылысы
Ескерткіштің кезеңділігі: 2010 жыл
Ескерткіштің орналасқан жері: Атырау қаласы, Азаттық даңғылы
Тарихи деректер: Хиуаз Доспанова 1922 жылы 15 мамырда Гурьев облысы, Ганюшкино ауылында дүниеге келген. Байұлы тайпасының Масқар руынан шыққан. 1940 жылы ол Орал қаласының №1 орта мектебін алтын медальмен бітіріп, аттестатпен бірге жергілікті аэроклубты запастағы ұшқышы туралы куәлік алды. Үздік оқушы, белсенділердің бірі – пионер жетекшісі, мектептің комсомол ұйымының хатшысы болған. 1940 жылдың жазында ол оныншы сыныпты және аэроклубты сәтті бітірген соң, Мәскеудегі Жуковский атындағы әскери әуе академиясына өтініш береді. Өтініш бергенмен оны қабылдамады. Содан соң Бірінші Мәскеу медициналық институтына құжат тапсырып, емтихансыз қабылданды. Бір жылдан кейін соғыс басталды.
1941 жылы 13 қазанда Хиуаз сыныптасы Татьяна Сумароковамен бірге М.М. Раскованың қыз-келіншектерден жасақталған авиаполк құрамына қабылданды. Қыздар штурмандар тобына тіркеледі. 1941 жылғы 26 қазаңда болашақ ұшқыштар Энгельс қаласына келіп жетті. Онда олар Энгельс әскери авиациялық ұшқыштар училищесiнде жеделдетiлген оқыту курстарын өтті. Хиуаз Доспанова 588-ші түнгі бомбалаушы авиациялық полкке штурман-зеңбірекші ретінде алынды. Ол Оңтүстік майданда, Солтүстік Кавказда, Закавказияда, Украина мен Беларуссияда жауынгерлік тапсырмаларды орындады. Ержүрек ұшқыш екі рет ауыр жарақатқа қарамастан қайтадан қызметке оралып Ұлы Жеңісті қарсы алды. Әскери атағы - Гвардия аға лейтенанты.
«Түнгі мыстан» Хиуаз бен оның ұшқыш құрбыларын немістер «Түнгі мыстандар» деп атап, олардың әуеден бағыттаған соққысын үрейлене күтіп, талай таңды көз шырымын алмастан қарсы алған.
Майдандағы ерлігі үшін ол «Қызыл жұлдыз», ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған. Ал «Еңбек Қызыл Ту» ордені соғыстан кейінгі жылдардағы елеулі еңбегінің жемісі.
Соғыстан Хиуаз Доспанова II топтағы мүгедек болып оралды. Соған қарамастан қоғамдық өмірге белсене араласты. Хиуаз Доспанова Батыс Қазақстандағы аудандық партия комитетінің нұсқаушысынан бастап Қазақстан ЛКЖО ОК хатшысына дейінгі жолдан өтті. 1951 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты және бірінші сессияда Президиумның хатшысы болып сайланды. Зейнеткерлікке шыққанға дейін Хиуаз Қайырқызы Алматы қалалық партия комитетінің хатшысы болды. 2008 жылы 20 мамырда дүниеден өтті.
Ескерткіштің сипаттамасы: Ескерткіштің жалпы биіктігі 3,5 м, тұғырдың биіктігі 2,5 м. Ескерткіш қоладан жасалған.
Ескерткіштің мәртебесі: Тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала есепке алу тізімінде
Наименование памятника: Бюст народной героине, летчице Хиуаз Доспановой (1922-2008 гг.)
Типологическая принадлежность: Сооружение монументального искусства
Периодизация памятника: 2010 г.
Местонахождение памятника: город Атырау, проспект Азаттык
Исторические данные: Родилась 15 мая 1922 года в селе Ганюшкино Гурьевской области. Происходит из рода Маскар племени Байулы. В 1940 году окончила с золотой медалью среднюю школу № 1 города Уральска и вместе с аттестатом получила удостоверение пилота запаса местного аэроклуба.
Круглая отличница, одна из лучших активисток, пионервожатая, секретарь комсомольской организации школы. Летом 1940 года она успешно оканчивает десятый класс, и аэроклуб, после чего едет в Москву и подаёт документы на поступление в Военно-воздушную академию им. Жуковского. После отказа подала заявление в Первый Московский медицинский институт, приняли её без экзаменов. Менее чем через год началась война.
13 октября 1941 года Хиуаз с однокурсницей Татьяной Сумароковой записались на прием к М. М. Расковой, которая занималась формированием женских авиаполков. Девушек приняли и зачислили в группу штурманов.
26 октября 1941 года будущие лётчицы прибыли к месту формирования полков в приволжский город Энгельс. Там они проходили ускоренный курс обучения в Энгельсской военной авиационной школе пилотов.
Хиуаз Доспанова была зачислена штурманом-стрелком в 588-й ночной бомбардировочный авиаполк. Боевые задания выполняла на Южном фронте, Северном Кавказе, в Закавказье, Украине и Белоруссии. Дважды отважная летчица была тяжело ранена, но вновь возвращалась в строй и встретила Победу под Берлином.
В годы войны за храбрость и отвагу в Великой Отечественной войне была награждена орденами – Красного Знамени, Красной Звезды, Отечественной войны І и ІІ степени, медалями «За оборону Кавказа», «За освобождение Варшавы», «За победу над Германией в Великой Отечественной Войне 1941-1945гг». Штурман-стрелок, 46-го Гвардейского ночного бомбардировочного авиационного Таманского Краснознаменного, ордена Суворова III степени женского полка, который стал легендарным, наводя на фашистов такой ужас, что те называли их «ночными ведьмами».
Получила воинское звание – Гвардии старший лейтенант.
С войны Хиуаз Доспанова вернулась инвалидом II группы, со сросшимися переломами обеих ног, но, несмотря на это, активно участвовала в общественной жизни. В последние месяцы войны девушка обдумывала планы возвращения в медицинский институт, но в итоге пошла по другому пути — по стезе общественной деятельности. Первый секретарь Западно-Казахстанского обкома партии Минайдар Салин в беседе с только что вернувшейся с фронта коммунисткой Хиуаз Доспановой предложил ей поработать на партийно-политической работе, и она была утверждена инструктором обкома партии. Через год Хиуаз отправилась в высшую партийную школу в Алма-Ате.
Хиуаз прошла путь от инструктора райкома партии в родном Западном Казахстане до секретаря ЦК ЛКСМ Казахстана. В 1951 году была избрана депутатом Верховного Совета Казахской ССР и на первой же сессии — секретарём Президиума. До выхода на пенсию Хиуаз Каировна была секретарем Алма-Атинского горкома партии, проявляя деятельное участие в жизни столицы.
Скончалась 20 мая 2008 года.
Описание памятника: Общая высота памятника – 3,5 м., высота пьедестала 2,5 м. Памятник выполнен из бронзы.
Статус памятника: В списке предварительного учета историко-культурного наследия
Monument name: Bust of the national heroine, pilot Khiuaz Dospanova (1922-2008)
Typological affiliation: monumental art structure
Periodization of the monument: 2010
Location of the monument: Atyrau city, Azattyk avenue
Historical data: She was born on May 15, 1922 in the village of Ganyushkino, Guryev region. Comes from the Mascar clan of the Bayuly tribe.
In 1940, she graduated with a gold medal from secondary school No.1 in the city of Uralsk and, together with a graduation certificate, received a certificate of a reserve pilot of the local aeroclub.
A straight-A student, one of the best activists - a pioneer leader, secretary of the Komsomol organization of the school - in the summer of 1940 she successfully graduates from the tenth grade and the aeroclub, then she travels to Moscow and applies for admission to the Air Force Academy named after Zhukovsky. After refusal, she applied to the First Moscow Medical Institute, she was accepted without examinations. Less than a year later, the war broke out.
On October 13, 1941, Khiuaz and her classmate Tatyana Sumarokova made an appointment with M.M.Raskova, who was engaged in the formation of women's air regiments. The girls were accepted and enrolled in the group of navigators.
On October 26, 1941, the future pilots arrived at the place of formation of the regiments in the Volga city of Engels. They took a crash course at the Engels Military Aviation Pilot School.
Khiuaz Dospanova was enlisted as a navigator-gunner in the 588th Night Bomber Aviation Regiment. She performed combat missions on the Southern Front, North Caucasus, Transcaucasia, Ukraine and Belarus. Twice the brave pilot was seriously wounded, but she returned to service and met Victory near Berlin.
Khiuaz Dospanova returned from the war as a disabled person of the II group, with fused fractures of both legs, but, despite this, she actively participated in public life. In the last months of the war, the girl considered plans to return to medical school, but in the end, she took a different path - along the path of social activity. The first secretary of the West Kazakhstan regional party committee, Minaydar Salin, in a conversation with the communist Khiuaz Dospanova, who had just returned from the front, offered her to work in party political work, and she was approved as an instructor of the regional party committee. A year later, Khiuaz went to the higher party school in Alma-Ata.
Khiuaz transitioned from an instructor of the district party committee in her native Western Kazakhstan to the secretary of the Central Committee of the Leninist Communist Youth Union of Kazakhstan. In 1951 she was elected a deputy of the Supreme Soviet of the Kazakh SSR and at the very first session - the secretary of the Presidium. Before retirement, Khiuaz Kairovna was the secretary of the Alma-Ata city committee of the party, showing an active participation in the life of the capital.
Died on May 20, 2008.
Description of the monument: The total height of the monument is 4 m, the height of the pedestal is 2.5 m. The monument is made of bronze.
Monument status: In the list of preliminary registration of the historical and cultural heritage of the Atyrau region