ҚР 1992 жылдың 2 шілдедегі №1488-ХІІ «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңының 36 бабына сәйкес Тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен қорғау аймақтары, құрылыс салуды реттеу аймақтары және қорғалатын табиғат ландшафты аймақтары белгіленеді.
Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтары мен қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарының шекараларын тиісті жергілікті атқарушы органдардың ұсынуы бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органдары (мәслихаттар) бекітеді және олар тиісті жердің тарих және мәдениет ескерткіштері мен жаңадан анықталған объектілердің орналасуы тіркелетін тарихи-сәулет тірек жоспарына және карта-схемасына енгізіледі.
Бүгінгі таңда Атырау облысы бойынша тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген 29 нысанның қорғау аймақтары белгіленді. Олардың 6-уы археология, 13-і ансамбль, 10-ы қала құрылысы және сәулет ескерткіштері. Аудандар бойынша бөлгенде:
Атырау қаласы бойынша – 2, Махамбет ауданы бойынша – 3, Жылыой ауданы бойынша – 7, Индер ауданы бойынша – 6, Қызылқоға ауданы бойынша – 7, Мақат ауданы бойынша – 2, Исатай ауданы бойынша – 1, Құрманғазы ауданы бойынша – 1 ескерткіштің қорғау аймақтары дайындалды.
Бүгінгі таңда олардың ішінде 8 ескерткіштің қорғау аймағы мәслихатпен бекітілген болатын. Олар: Ақтөбе-Лаэти қалашығы, Қарашүңгіл қорымы, Ақмешіт қорымы, Ұшқан ата қорымы, «Тас кешу» керуен-сарайы, Алтын қорымы, Алып ана қорымы және Қорғанша қалашығы.
Қорғау аймақтары белгіленген
тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізімі
№ |
Ескерткіштің атауы |
Ескерткіштің түрі |
Ескерткіштің орналасқан жері |
1 |
Мұнайшылар тұратын қалашық 1943–1948 жылдар |
Ансамбль |
Атырау қаласы, Мұнайшылардың тұрғын қалашығы ауданы |
2 |
Ақтөбе-Лаэти қалашығы XІІІ-XV ғғ. |
археология |
Атырау қаласы, Томарлы ауылынан шығысқа қарай 2 км |
3 |
Сарайшық қалашығы ХІІІ–ХVІ ғасыр |
Археология |
Махамбет ауданы, Сарайшық ауылынан шығысқа қарай 1,5 км |
4 |
Алтын қорымы (56) XVІІI-ХХ ғғ. |
ансамбль |
Махамбет ауданы, Ортақшыл ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 4 км |
5 |
Жаналы қорымы XVІІІ ғ. аяғы - XIX ғ. |
ансамбль |
Махамбет ауданы, Ортақшыл ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 15 км |
6 |
Жұбан мазары 1880–1898 жылдар |
Қала құрылысы және сәулет |
Жылыой ауданы, Құлсары қаласынан солтүстікке қарай 90 км |
7 |
Қарашүңгіл қорымы ХVІІІ ғ. - ХХ ғ. басы |
ансамбль |
Жылыой ауданы, Құлсары қаласынан оңтүстікке қарай 53 км |
8 |
Ұшқан ата қорымы ХІХ-ХХ ғғ. |
ансамбль |
Жылыой ауданы, Құлсары қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 50 км |
9 |
Ақмешіт қорымы XVІІІ ғ. - ХХ ғ. басы |
ансамбль |
Жылыой ауданы, Ақкиізтоғай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 28 км |
10 |
Қызылқорған қалашығы ХV-ХVІІІ ғғ. |
археология |
Жылыой ауданы, Құлсары қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 31 км |
11 |
Аралтөбе қорғаны б.з.д.ІІ-І ғ.ғ. |
археология |
Жылыой ауданы, Құлсары қаласынан шығысқа қарай 70 км |
12 |
Дүйсеке мешіті ХІХ ғ. аяғы - ХХ ғ. басы |
Қала құрылысы және сәулет |
Жылыой ауданы, Құлсары қаласынан солтүстікке қарай 10 км |
13 |
Халық батыры Махамбет Өтемісовтің жерленген орны. 1995 жылы мазар салынған |
Қала құрылысы және сәулет |
Индер ауданы, Индер кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 40 км |
14 |
Дәрі қорымы XIX ғ. -ХХ ғ. басы |
ансамбль |
Индер ауданы, Жарсуат ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 44 км |
15 |
Ақын Мұрат Мөңкеұлының жерленген жері (1993 ж. мазар салынған) |
Қала құрылысы және сәулет |
Индер ауданы, Жарсуат ауылынан солтүстік-батысқа қарай 3 км |
16 |
Шелек мола қорымы XIX ғ. |
ансамбль |
Индер ауданы, Жарсуат ауылынан солтүстікке қарай 41 км |
17 |
Малайсары Би Тілеукеұлының жерленген жері |
Қала құрылысы және сәулет |
Индер ауданы, Индер кентінен шығысқа қарай 40 км |
18 |
Ақшадыра қорымы |
ансамбль |
Индер ауданы, Жарсуат ауылынан солтүстікке қарай 39 км |
19 |
"Алып - ана" қорымы ХІХ ғ |
ансамбль |
Қызылқоға ауданы, Сағыз ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 8 км |
20 |
Қорғанша қалашығы XV–XVIII ғ.ғ. |
археология |
Қызылқоға ауданы, Қаракөл ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 12 км |
21 |
Әбжет мазары ХХ ғ. басы |
Қала құрылысы және сәулет |
Қызылқоға ауданы, Кенбай ауылынан солтүстік-солтүстік-шығысқа қарай 4 км |
22 |
Тұрлан мола қорымы ХІХ ғ. |
ансамбль |
Қызылқоға ауданы, Қарабау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 30 км |
23 |
Бөкен бидің жерленген жері |
Қала құрылысы және сәулет |
Қызылқоға ауданы, Кенбай ауылынан солтүстік-солтүстік-шығысқа қарай 4 км |
24 |
Дүйсәлі қорымы XIX - ХХ ғ. басы |
ансамбль |
Қызылқоға ауданы, Қарабау ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 29 км |
25 |
Тілеген-мола қорымы XIX - ХХ ғ. басы |
ансамбль |
Қызылқоға ауданы, Қарабау ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 33 км |
26 |
"Тас кешу" керуен-сарайы ХІІІ-ХVІІІ ғғ. |
археология |
Мақат ауданы, Мақат кентінен шығысқа қарай 38 км |
27 |
Байбақты ата мазары (1997 жылы мазар салынған.) |
Қала құрылысы және сәулет |
Мақат ауданы, Доссор кентінен солтүстікке қарай 10 км |
28 |
Таскран шекаралық белгісі XІХ ғ. |
Қала құрылысы және сәулет |
Исатай ауданы, Аққыстау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 1 км |
29 |
Мақаш қорымы 1909 ж. |
Қала құрылысы және сәулет |
Құрманғазы ауданы, Афанасьев ауылынан шығысқа қарай 5 км |
Барлығы 29 ескерткіш |