Мекеме мамандарының Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймағын анықтау бойынша атқарған жұмыстары

Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының мамандары 2022 жылдың мамыр айында Махамбет, Индер, Жылыой, Қызылқоға аудандарындағы жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймағын анықтау мақсатында іс сапарда болды. Жұмыс барысында жоғарыда аталған аудандар бойынша 28 ескерткіштің қорғау аймақтары анықталып, сызбалары сызылды.

Оның ішінде киелі объектілер-2, монументтік өнер құрылыстары-3, ансамбльдер мен кешендер-9, археология ескерткіштері-13, қала құрылысы және сәулет ескерткіштері-1. Аудандарға бөлсек, Махамбет ауданы бойынша 7, Индер ауданы бойынша 10, Жылыой ауданы бойынша 2, Қызылқоға ауданы бойынша 9 ескерткіш. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтарын анықтау жұмысы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 86 «Тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау аймағын, құрылыс салуды реттеу аймағын және қорғалатын табиғи ландшафт аймағын және оларды пайдалану режимін айқындау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде орындалды.

Яндекс.Метрика