Мекеме мемлекеттік лицензия алды

«Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы «Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарих және мәдениет ескерткіштеріне археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыруға лицензия алды.

Биылғы жылдан бастап мекеме облыс аумағынан жаңадан археологиялық ескерткіштерді анықтауды осы лицензия арқылы жүргізетін болады.

Яндекс.Метрика