БИЫЛҒЫ ЖЫЛ – ТАРИХИ ДАТАЛАРҒА ТОЛЫ ЖЫЛ

Ағымдағы жылдың 28 ақпанында Елорда – Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы мен ҚР Ұлттық архивінің ұйымдастыруымен өткен Алтын Орданың 750 жылдығы, Қасым ханның туғанына 575 жыл, Қазақ хандығының 555 жылдығына орай «Сарайшық – Ұлы Дала мұраты: мемлекеттілік және тарихи сабақтастық» атты дөңгелек үстелге мекеме басшысы М.Кипиев қатысып, «Ортағасырлық Сарайшық қалашығының 1741 жылғы жоспары: жаңаша пайым және қорытынды» тақырыпта баяндама жасады.

Баяндама барысында Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының «Архив-2025» жобасы аясында 2019 жылы Мәскеу қаласына жасаған археографиялық іссапары барысында, Ресей мемлекеттік әскери-тарихи архивінен Сарайшық қалашығының түпнұсқалық топографиялық жоспары табылғаны жөнінде ақпарат айтылды. Құжат Сарайшық құландысы жөнінде осы кезеңге дейін табылған топографиялық сызбалардың ішіндегі, яғни аталған архив қорынан топограф А.Е. Алексеев сызған Сарайшықтың 1861 жылғы жоспарынан да ең ескісі болып табылады.

Қазіргі уақытта бұл жоспар XVIII ғасырдың 40-жылдарындағы Сарайшықтың тарихи топографиясын танып білуде таптырмас құнды дереккөзі болып отыр.

Аталған шараға ҚР Парламенті Сенаты депутаттары, Министрлік өкілдері, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, отандық тарихшы-ғалымдармен қатар шетелдік ғалым-зерттеушілер қатысты.

Яндекс.Метрика