«Ортағасырлық Сарайшық қаласы цитаделіндегі археологиялық нысанды қайта қалпына келтіру жұмыстары және олардың болашағы»

2020 жылдың 21 ақпанда «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының» ұйымдастыруымен «Ортағасырлық Сарайшық қаласы цитаделіндегі археологиялық нысанды қайта қалпына келтіру жұмыстары және олардың болашағы» атты ғылыми-әдістемелік кеңеске мекеме басшысы М.Кипиев қатысып, пікірін білдірді. Ғылыми-әдістемелік кеңестің мақсаты – ортағасырлық Сарайшық қаласы цитаделінің солтүстік қақпасын қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу.

Аталған кеңеске "Сарайшық" музей-қорығы директоры, т.ғ.д., профессор Ә.Мұқтар кеңес мақсаты және міндеттерімен таныстырды. Алғы сөзді Қазақстан Республикасының ғылымына еңбек сіңген қайраткер, археолог, т.ғ.д., профессор З. Самашев сөйледі. Қазақстандағы ортағасырлық қалалар археологиясының белді маманы т.ғ.д., профессор М.Елеуовтің Ортағасырлық Сарайшық қаласының цитаделіне қатысты пікірі оқылды.

Кеңеске Сарайшық қаласында археологиялық жұмыстар жүргізген астрахандық археолог В.Плахов, суретші П.Бюриков, Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Г. Арыстанова, археолог, т.ғ.к., М.Қасенов, Махамбет аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Н. Аруев, Сарайшық ауылы әкімі Н. Досқайыров, Түркістандық керамика шебері А.Рысбаев, музей ардагерлері, мекеме басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Кеңес қаулысымен цитадельдің солтүстік қақпасының реконстукциясын жобалау, "Қазқайтажаңарту" мекемесіне, реставратор мамандарға ұсынуға шешім қабылданды.

Яндекс.Метрика