"Өңірдегі тарихи орындар: насихаттау және қорғау" тақырыбында сұхбат

🔹️07.09.2026 жылы Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығы басшысының орынбасары Фархад Байдаулетов облыстық «Атырау» телеарнасында "Өңірдегі тарихи орындар: насихаттау және қорғау" тақырыбында сұхбат берді.
🔸️Сұхбат барысында Атырау өңіріндегі тарихи-мәдени мұраларды зерттеу, қорғау, сақтау және насихаттау, сондай-ақ археологиялық ескерткіштердің қазіргі жағдайы мен оларды болашақ ұрпаққа аман жеткізу мәселелері кеңінен сөз болды.
🔹️Әсіресе, өңір тарихындағы маңызды археологиялық нысандардың бірі — Ақтөбе-Лаэти қалашығының тарихи маңызына тоқталып, оны ғылыми тұрғыдан зерттеу мен көпшілікке таныстырудың өзектілігі айтылды.
🔸️Сонымен қатар тарихи-мәдени мұра нысандарын туризмді дамыту бағытында тиімді пайдалану, тарихи орындарды туристік маршруттарға енгізу, олардың инфрақұрылымын жетілдіру және тарихи-танымдық бағыттағы туризмді қалыптастыру мәселелері қозғалды.
🔹️Спикер сондай-ақ тарихи-мәдени мұраны қорғау тек мамандар мен мемлекеттік органдардың ғана міндеті емес екенін атап өтті. Тарихи мұраға құрметпен қарау, оны бүлінуден сақтау және кейінгі ұрпаққа аман жеткізу — бүкіл қоғамға ортақ жауапкершілік екенін жеткізді.

Яндекс.Метрика