«Ұлы Отан соғысында қаза болған жерлес-жауынгерлерге арналған обелиск» маңына сенбілік ұйымдастырды

18 сәуір күні Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығы қызметкерлері «18 сәуір - Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау» күніне орай жас ұрпаққа мәдени құндылықтарды насихаттау мақсатында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында және «Қазақстанның Азаматтық Альянс» заңды тұлғалар бірлестігінің «Mәдениетті мұра» республикалық жобасы шеңберінде Бейбітшілік көшесіндегі «Достық» саябағында орналасқан тарих және мәдениет ескерткіші болып табылатын «Ұлы Отан соғысында қаза болған жерлес-жауынгерлерге арналған обелиск» маңына сенбілік ұйымдастырды.
Тарихи-мәдени мұра обьектісін тазалау және абаттандыру шарасына орталық қызметкерлерімен қоса Атырау жоғары көпсалалы «Болашақ» колледжінің студенттері де қатысты.
Бұл шараның басты мақсаты – жастарды және қала тұрғындарын тарихи-мәдени мұраны сақтау мен насихаттауға тарту, қоғамдағы азаматтық белсенділікті арттыру және мәдени мұраға деген құрметті қалыптастыру.

Яндекс.Метрика