Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығы қызметкерлері аймағымыздағы бұған дейін зерттеу жұмыстары жүргізілмеген аумақтардан тарихи-мәдени маңызы бар нысандарды анықтау және зерттеу мақсатында далалық зерттеу-барлау жұмыстарын жүргізуде. Жұмыс тобының бұл сапарында Ақтөбе және Маңғыстау облыстарымен шектесетін өңірлер қамтылуда.