«Тарихи-мәдени мұрамызды ХХІ ғасырға сай жаңғыртып, жүйелі түрде дәріптеуіміз қажет».
Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті Атырау қаласы маңындағы ХІІІ-ХІV ғасырларда гүлденген Ақтөбе-Лаэти қалашығы – өңір тарихының алтын парағы. 8 ғасырлық тарихы бар бұл археологиялық ескерткіш Атырау облысының жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштерінің тізіміне енген. Қалашық қазіргі Жұлдыз ықшам ауданының іргесінде орналасқан.
Облыс әкімдігі тарихи орынды ашық аспан астындағы музейге айналдыру туралы шешім қабылдап, тиісті жұмыстарды бастап кетті. Осы мақсатта қалашық аумағында археологиялық қазба жұмыстары жүргізілуде.
Облыс әкімі Серік Шәпкенов, облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев арнайы келіп, жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысып, қалашықты сақтау мен туристік бағытта дамыту бойынша нақты тапсырмалар берді.
Тарихты сақтау – болашаққа жасалған ең асыл инвестиция. Ақтөбе-Лаэти – Атыраудың ғана емес, күллі қазақ даласының рухани мұрасы.