Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия отырысы

21.04.2025 жылы Атырау облысы әкімдігінде аймақ басшысының орынбасары Дарын Шамұратовтың төрағалығымен тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия отырысы болып өтті.
Күн тәртібінде комиссия мүшелері жаңадан ескерткіштер орнатуға келіп түскен ұсыныстар мен мемориалдық тақталарды орнатуға келіп түскен ұсыныстарды талқылап, тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала есепке алу тізімінде тұрған ескерткіштерге тарихи-мәдени сараптама қорытындысына сәйкес ескерткіш мәртебесін беру мәселелерін жан-жақты қарады.
Сонымен бірге, комиссия төрағасы ескерткіш орнату жұмыстары Қазақстан Республикасының «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңының және Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 103 бұйрығымен бекітілген «Монументтік өнер құрылыстарын орнату қағидаларын бекіту туралы» ережесін қатаң бақылауға алып, заңсыз ескерткіштер орнатуды болдырмау керектігін және мемориалдық тақталарды орнату барысында қағида шарттарының сақталуы қажет екеніне ерекше тоқталды.

Яндекс.Метрика