18.04.2025 жылы Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде 18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай Атырау облысы тарихи-мұраны зерттеу орталығы «Атырау өңірінің тарих және мәдениет ескерткіштері» атты фотокөрме және және интерактивті картаның көрсетілімін өткізді.
Көпшілік назарына ұсынылған көрмеде Атырау облысындағы тарих және мәдениет ескерткіштерінің фотосуреттері және орталық қызметкерлерінің ескерткіштерге мониторинг жүргізу барысындағы сәттері, ал, интерактивті картада аймақ аудандарындағы ескерткіштердің орналасқан жерлері мен мәдени нысандардың фотогалереясы, 3D модулі, ақпараты, виртальді мүсіні, қысқаша мәліметтері берілген.
Интерактивті катаны пайдалану жолын Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының басшысы Толыбай Достыбаев түсіндірді. Жиында тарих ғылымдарының докторы Аққали Ахметов өңір ескерткіштерінің тарихи маңыздылына тоқталып, өлке тарихын зерттеушілерге зор табыс тіледі.