«Сарайшық оқулары 2025» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

11.04.2025 жылы “Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен Сапар орталығында «Сарайшық оқулары 2025» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Жиында алыс-жақыннан келген тарихшылар күн тәртібінде тіркелген тақырыптары бойынша көпшілік алдында сөз қозғады.
Аталмыш басқосуда Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығы басшысының орынбасары, өлкетанушы Фархад Байдәулетов “Атырау өңірі аумағындағы ру таңбалары” тақырыбында баяндама жасады.
Осымен қоса, Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығы конференция қатысушыларының назарына өңіріміздегі тарих жəне мəдениет ескерткіштерінен мәліметтер беретін көрмені ұсынды. Сапар орталығына келушілер аталмыш көрмені бір апта бойы тамашалай алады.

Яндекс.Метрика