«Алтын Орданың тарихи-мәдени мұралары: қорғау, қайта қалпына келтіру және зерттеу мәселелері» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел

20 шы Ақпан күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» және «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы» бірлесе «Алтын Орданың тарихи-мәдени мұралары: қорғау, қайта қалпына келтіру және зерттеу мәселелері» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел өткізді.
????️Алтын Орданың тарихи-мәдени мұраларын қорғау, қайта қалпына келтіру және зерттеу мәселелерін саралау, оны қалың жұртшылыққа насихаттау, туристік салада алатын орнын көрсету, өскелең ұрпақтың санасында көне мұраларға деген құрмет сезімін қалыптастыруды мақсаты еткен жиын аясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы», «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы» РМҚК «Жошы Ұлысы (Алтын Орда) кезеңінің тарихи-мәдени мұралары» атты көрме ұйымдастырылды. Тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Н. Атығаевтың модераторлығымен өткізілген басқосуда Х.Әбжанов, Б.Кәрібай, М.Елеуов, Ә.Мұқтар сынды ғалымдар, сонымен қатар Алтын Орданың тарихи-мәдени ескерткіштерін қалпына келтіру мәселелері жөнінде Қазқайтажаңарту РМК бас директоры А.Әбдібаев, Ұлытау облысының Тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығының басшысы М.Бақытұлы "Ұлытау өңіріндегі алтынордалық тарихи-мәдени ескерткіштер" тақырыбында баяндама жасады.
????️Алатау баурайында өткен аталмыш шараға Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының басшысы Толыбай Достыбаев қатынасты.

Яндекс.Метрика