Жұмыстар Атырау облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының тапсырысы бойынша жүргізілді, деп хабарлайды өңірлік коммуникация қызметі. "Жұлдыз-3" шағынауданында орналасқан "Ақтөбе-Лаэти" ежелгі қалашығының қазба орны жергілікті маңызы бар тарихи ескерткіш болып табылады, деді тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының басшысы Толыбай Достыбаев. Оның айтуынша, жақын арада ежелгі қалашықты қазу орны ашық аспан астындағы мұражайға айналады-ғылыми жобалау-сметалық құжаттама дайын және қазіргі уақытта мемлекеттік сараптамадан өтуде. - Қазба аумағының өзі 57 гектарды алып жатыр. Ақтөбе-Лаети қалашығынан қазіргі Атыраудың тарихы басталады. Көптеген жылдар бойы жағдайына тиісті көңіл бөлінбеген бұл жер біз үшін де, болашақ ұрпақ үшін де құнды екенін мойындауымыз керек, - деп атап өтті Т.Достыбаев. Сондай-ақ, ол 2018-2019 жылдар аралығында Ақтөбе-Лаетиде археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 1 890 шаршы метр қалашық қалпына келтірілгенін айтты. Мұнда садақ ату алаңын жабдықтау, әкімшілік ғимарат салу және абаттандыру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Анықтама үшін: "Ақтөбе-Лаэти" ежелгі қалашығының аумағы XIII ғасырға жатады және жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізілген.