Зират жасалды

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Уықпай өңіріндегі есімі елге танымал, атақ-даңқы ұрпаққа үлгі, көпке өнеге болған қасиетті адамдардың бірі, шəкірт тəрбиеленген ғұлама Достан Ата Қасбайұлы (1861-1924) өзі жатқан қауымына және "Қамыспай ата мешітіне", Хиуа жерінде жоғары діни білімді меңгеріп Ахун атағын алған "Аймұрат Ахун Жайықұлы" (1850-1920), Араб елінен діни білім алып келіп Атырау, Маңғыстау және Ойылдың Қаракемпірінде үш мешіт салып елдің діни сауатын ашқан, бала оқытқан Аймұрат ұлы Қамыспай ишан атамызға "Рухани жаңғыру" және "Дархан дала" жобасы аясында  жамағат болып, ҚМДБ-на қарасты Атырау облысы, Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылындағы "Қапан қажы" мешітінің имамы Жамбыл қажы Демеуұлы, кәсіпкер Балжігітов Мейіржан Қапанұлы және Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының басшысының орынбасары Байдаулетов Фархад, тарихшы, құлпытас маманы Қуанов Руслан, жүргізуші Тұрсынов Аслан азаматтармен 22.09.2024ж зират жасап қайтқан болатынбыз. Алланың қалауымен Атырау облысы әкімдігі, Атырау облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, Атырау облысы Тарихи-мәдени мұраны зетттеу орталығы бірігіп "ХІХ-ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ АТЫРАУ ӨҢІРІНДЕГІ МЕШІТ МЕДРЕСЕЛЕР МЕН МЕКТЕПТЕР"  2023 жылы кітап-альбом болып басылып жарық көрген кітаптан сыр шертіп, Балжігітов Мейіржан ағамыз "Достан ата" қауымындағы жатқан ата-бабалардың және "Қамыспай мешітінің" тарихынан айтып берді. "Атырау облысы  тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының ұжымына және Мейіржан ағамызға Алла разы болсын деп "Қапан қажы" мешітінің имамы Ыбыраш Жамбыл Демеу ұлы ризашылығын білдірді.

 

Яндекс.Метрика