Осыған дейін хабарлағанымыздай Атырау қаласының тарихы бастау алатын Жұлдыз-3 ықшам ауданында орналасқан жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің бірі Ақтөбе-Лаэти қалашығын (13 ғ.) сақтап қалу және туризмді дамыту мақсатында қалашық аумағын қоршау жұмыстары басталған болатын. Осы жұмыспен танысу мақсатында Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ә.Жоламанов қалашық аумағына келіп, жобалық құжаттама бойынша жасалып жатырған жұмыспен танысу барысында басқарма басшысы Ә.Жоламанов Мердігер мекеме өкіліне, тапсырыс беруші Атырау облысы тарихи мәдени мұраны зерттеу орталығының басшысы Т. Достыбаевқа техникалық бақылаушының (тех.надзор) сын ескертпелерін бақылауға алып, сапалы орындалуын қадағалауды тапсырды.
????️Мердігер мекеме - Тоныкөк-Құрылыс ЖШС.
????️Айта кету керек, алдағы жылдары бұл жерде қазба жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп, ашық аспан астындағы музей салу жоспарлануда.