Атырау қаласы маңындағы «Жұлдыз» шағын ауданының (Орбита) іргесінде орналасқан ХІІІ-ХІV ғасырларда гүлденген Ақтөбе-Лаэти қалашығы ашық аспан астындағы музейге айналдыру мәселесі

Атырау облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында күн тәртібіне қойылған мәселенің бірі – Атырау қаласы маңындағы «Жұлдыз» шағын ауданының (Орбита) іргесінде орналасқан ХІІІ-ХІV ғасырларда гүлденген Ақтөбе-Лаэти қалашығы ашық аспан астындағы музейге айналдыру мәселесі болды.

Бүгінде осыдан 8 ғасыр бұрын пайда болған бұл тарихи орын Атырау облысының жергілікті маңызы бар тарих жəне мəдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізілген археологиялық ескерткіш.

 2023 жылы Ақтөбе-Лаэти қалашығы аумағына ғылыми-реставрация жұмыстарын жүргізу үшін ғылыми-жобалық-сметалық құжаттама жасақталып,  аталған жоба өткен жылдың 25 желтоқсанында облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің төрағалымен өткізілген Тарих жəне мəдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия отырысында талқыланып, қолдау тапқан  болатын.

Кеңесте жасақталған ғылыми-жобалық-сметалық құжаттама жан-жақты талқыланып, комиссия мүшелері тарапынан қолдау тапты.

Жобалаушы мердігер мекеме «Тоныкөк-Құрылыс» ЖШС-нің өкілдері ғылыми-жобалық-сметалық құжаттаманы түсіндіріп, күтілетін нәтижелері туралы түсіндірді.

Яндекс.Метрика