«Дешті Қыпшақтың тарихи тұлғалары: Бейбарыс және оның кезеңі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Осы аптада Атырау қаласында Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығы аталып өтеді. Аталмыш шаралардың легі  бүгін шаһарымыздағы салтанат сарайында «Дешті Қыпшақтың тарихи тұлғалары: Бейбарыс және оның кезеңі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясымен басталды.

Баһадүр бабамыздың есімі кең көлемде аталып жатқан тұста Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығы жұртшылыққа аймағымыздың бас қаласында қасқайып тұрған Сұлтан Бейбарыс ескерткіші туралы мәліметтерді ұсынуды жөн көрді.

Ескерткіштің атауы: Сұлтан Бейбарыс (1225-1277 жж.) ескерткіші

Авторы және бас мүсіншісі К. Кәкімов, сәулетші К. Жұмабай.

Ескерткіш мәртебесі: Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші.

Типологиялық тиістілігі:   монументтік өнер құрылысы

Ескерткіштің кезеңділігі: 5 шілде 2000 ж.

Ескерткіштің орналасқан жері: Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, Атырау облысы әкімдігі ғимаратының алдында

Ескерткіштің сипаттамасы: Ескерткіштің биіктігі 7,2 м және ені 3,8 м-ге дейін тұғырға орнатылды.  Тұғыр 3 блоктан құралған. Төменгі блоктың өлшемі 2,8 м. х 2,4 м., биіктігі 60 см. ортаңғы блок 2,4х1,8 м., биіктігі 1,6 м. Жоғарға блок 2,4х1,8 м., биіктігі 1,4 м. Тақта тас төселген аумақтың  ауданы 8120 шаршы метр. Ескерткіштің салмағы 120 тонна.  Ескерткіштің тұғырмен қоса жалпы биіктігі 11,8 м. Монументтің артқы жағында орналасқан доға тәрізді гранит таста көне түркі тіліндегі руналық жазуы ойылып жазылған. Түркі тілінде руналық жазудың мағынасы: «Еліме жеріме, суыма. Осы бір түрік елі ел болсын деп жасаған ісіміз. Күлтегін». Ескерткіш Ақмола облысынан өндірілген куртин гранитінен қашалған.

Тарихи деректер: Сұлтан Бейбарыс – 1225-77 жылдары Мысырда билік құрған сұлтан. Бейбарыстың әкесі — Жамақ, анасы — Әйнек. Ол билік еткен кезінде Каирде 136 мешіт салынды. 17 жыл  2 ай 10 күн билік еткен Сұлтан 50 жасында уланып Дамаскіде қайтыс болды. Бейбарыс Сұлтан Берке ханның қызына үйленіп екі ұлды болды. Бейбарыс Кіші жүз Беріш руынан шыққан. 2000 жылдың 26 мамырында қаланың орталық алаңында Сұлтан Бейбарысқа ескерткіш орнатылды. Пирамида және киіз үй түрінде орнатылған тас мүсіндер сұлтанның Мысыр мен Қазақстанның тұлғасы екенін білдіреді.  Облыс әкімі И.Тасмағамбетовтың 2000 жылғы 1 ақпандағы өкімімен қаланың орталық алаңына Сұлтан Бейбарыстың есімі берілді.

Яндекс.Метрика