Бүгінде Махамбет ауданындағы ортағасырлық Сарайшық қалашығында Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының тапсырысымен археологиялық қазба жұмыстары жүргізілуде.
Көне қаланың орнын зерттеуді «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК атқаруда. Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының Астана филиалының аға ғылыми қызметкері, археолог Серғазы Сакенов жетекшілік ететін зерттеу тобында «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының бас инспекторы, археолог Ерболат Рахманкулов, музей-қорықтың аға ғылыми қызметкері, археолог Бұлбұл Сиражева, ҚР Ұлттық музейінің аға ғылыми қызметкері, археолог Абдинур Нускабай және жергілікті жұмысшылар қызмет етуде. Жұмыс тобы жоспар бойынша қалашықтың 700 шаршы метріне ғылыми зерттеу жүргізеді.