«ХХ ғасырдың 20-50 жылдардағы Қазақстандағы жаппай қуғын-сүргін және мұрағаттық құжаттар мен мемуарлардағы оңалту процестері» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Бүгін Ш. Уалиханов  атындағы тарих және этнология институтында «ХХ ғасырдың 20-50 жылдардағы Қазақстандағы жаппай қуғын-сүргін және мұрағаттық құжаттар мен мемуарлардағы оңалту процестері» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «ХХ ғасырдың 20-50 жылдардағы Қазақстандағы жаппай қуғын-сүргін және ақтау үрдістері: біріңғай деректер базасын құру» жобасын іске асыру аясында өткізіліп отырған осынау жиында Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу   орталығы басшысының орынбасары Фархад Байдаулетов «Атырау өңіріндегі ХІХ-ХХ ғасырдың бас кезіндегі ескі мешіт-медреселерді зерттеу қорытындысы және ондағы молдалардың қуғындалуы» тақырыбында баяндама жасады.

Жалпы, Алатау баурайында өткен басқосуда әр өңірден келген тарихшылар мен өлкетанушылар зұлмат жылдарда құрбан болғандардың қилы тағдырлары туралы зерттеулерін ортаға салып, тарихымыздың осынау кезеңін  зерделеуді жетілдіру жұмыстары туралы ой-пікірлерін айтты.

Яндекс.Метрика