Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен, Атырау облысы Мәдениет тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының 2023 жылғы атқарылатын іс-шаралар жоспарына сәйкес Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің бірі Сарайшық қалашығына қазба жұмыстарын жүргізу жұмыстары енгізілген болатын.
Мемлекеттік сатып алу порталына хабарландыру жарияланып, нәтижесінде Астана қаласындағы "БОЗОҚ" мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығы жеңімпаз болып, келісім шартта көрсетілген талаптарға сәйкес өз жұмысын бастап жатыр.
Осы мақсатта Орталық басшысы Т.Достыбаев пен мекеме мамандары Сарайшық қалашығы аумағында жүргізіліп жатырған археологиялық қазба жұмыстарымен танысып қайтты.
Қазба жұмыстарын Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының Астана филиалының аға ғылыми қызметкері, археолог Сакенов Серғазының жетекшілігмен, сонымен қатар, "БОЗОҚ" мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығының бас инспекторы, археолог Рахмакулов Ерболат, осы музей-қорықтың аға ғылыми қызметкері, археолог Сиражева Бұлбұл, ҚР Ұлттық музейінің аға ғылыми қызметкері, археолог Нускабай Абдинур және жергілікті жұмысшылар жүргізіп жатыр. Алдағы уақытта аумағы 700 шаршы метр болатын қазба орнынан жүргізіліп жатырған жұмыстармен тағы да хабардар ететін боламыз...