Атырау облысы тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия отырысы өткізілді

Бүгін, облыс әкімінің орынбасары Ж.Бисембиевтің төрағалығымен Атырау облысы тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия отырысы өткізілді. Комиссия отырысында екі мәселе қаралды.

  • Ескерткіштер орнату жөніндегі ұсыныстарды талқылау;
  • Мемориалдық тақталарды орнатуға келіп түскен ұсыныстарды талқылау.

Тақырып бойынша Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқарма басшысының міндетін атқарушы Ә.Қыстаубаева баяндама жасап, комиссия мүшелерімен талқыланды.

Яндекс.Метрика