Атырау облысы Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 11 қарашасында облыс әкімінің орынбасары Ж.Бисембиевтің төрағалығымен Атырау облысы Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия отырысы өткізілді. Комиссия отырысына комиссия мүшелері және Атырау қаласы әкімінің орынбасары Н.Ермұханов, Атырау облысы Қаржы басқармасының басшысы М.Мұқасов, "Былина" орыс-этномәдени бірлестігінің төрағасы  А.Кораблев, «Ақ Жайық» газетінің тілшісі Л.Гузиков қатысты.

Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды:

  1. Атырау облысында жаңадан ескерткіштер орнатуға келіп түскен ұсыныстар жөнінде.
  2. Мемориалдық тақталарды орнатуға келіп түскен ұсыныстар жөнінде.
  3. Атырау қаласының ескі бөлігінде орналасқан жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің және тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала есепке алу тізіміне енгізілген ғимараттар жөнінде.

Яндекс.Метрика